11,3 мыңнан астам ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды
2015 жылғы 16 наурыз бен 14 қыркүйек аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 11398 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 11398 азаматтың 7317-сі түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 2157 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1924 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды. Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 14 қыркүйек аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлері…