Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшыларын босатуы мүмкін 300-ден астам кәсіпорынды тексерді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, еңбек нарығындағы тұрақты жағдайды сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жұмысшыларын қысқарту қаупі бар кәсіпорындарға апта сайын мониторинг жүргізеді. 2017 жылдың алғашқы жартысында мұндай тексеріске 164,3 мың адам жұмыс істейтін 306 кәсіпорын ілікті. Аталған іс-қимылдар барысында штаттың қысқаруына байланысты 1979 жұмысшымен еңбек қатынастары тоқтатылғанымен, 5,1 мың еңбеккер икемді жұмыс сипатына көшті. Өңірлерде ахуалды жақсарту үшін дағдарысқа қарсы штабтар мен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиялар қызметі күшейтілді. Мәселен, 2017 жылдың басынан бері мүдделі мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік серіктес тараптардың қатысуымен дағдарысқа қарсы шт…

0
0
308

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Солтүстік Қазақстан облысына сапары басталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы күндері аясында, Тамара Дүйсенова өңір басшысы Құмар Ақсақаловпен бірге, Қызылжар ауданындағы Бәйтерек аулына барды. Онда Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан қоныс аударғандарға арнайы жатақхана салынған. “Өткен жылы ішкі көшіп-қонушылар саны 610 мың адамнан асып түсіп, 2010 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп болды. Осы орайда жұмыс берушілер ұсынған 26 мыңнан астам жұмыс орны бос қалды. Үкімет тарапы жеке іс ашуға немесе қолданыстағы бос жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік беретін сұранысқа ие мамандықтарға оқуға көмектесіп келеді. Бұл ретте, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден қажетті ұпай жинай алмаған түлектер, мемлекет есебінен 2,5 жыл бойы техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде тегін оқи ала…

0
0
373

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді

29 маусым мен 1 шілде аралығы Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтіп, бұл уақыт аралығында облыс халқы министрлік басшыларынан тікелей кеңес ала алады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, мұндай шаралар аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетуге жол ашады. “Бұл бірінші кезекте, жасы мен басқа да себептерге байланысты онлайн-ресурстардағы қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізе алмайтын азаматтарымызға қатысты маңызды дүние болып отыр”, - дейді Тамара Дүйсенова. Азаматтармен кездесулерде зейнетақы мен жәрдемақыны біртіндеп көтеру, базалық зейнетақыны тағайындаудағы жаңа тәсіл ерекшелігі мәселелері жөнінде егжей-тегжейлі мәліметтер ұсынылатын бо…

0
0
517

Шетелдегі қазақ диаспорасы: этникалық көші-қонның әлеуметтік сипаты

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтің төрағалық етуімен, бесінші Дүниежүзі қазақтары құрылтайы аясында «Шетелдегі қазақ диаспорасы: этникалық көші-қонның әлеуметтік сипаты және бейімделудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Шараға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат өкілдерінің өкілдері және де Құрылтай делегаттары қатысты. Дөңгелек үстел барысында, көші-қон үдерісін реттеуде ҚР “Көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңында қарастыр…

0
0
1683

Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті

Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халықпен есеп беру кездесуі өтіп, оның барысында қазақстандықтар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды. Атап өтерлік жайт, өзекті мәселелерге қатысты сауалдар Министрлік сайтында бұған дейін арнайы ашылған айдар арқылы бір ай бойы қабылданған еді. Өз баяндамасында Тамара Дүйсенова өткен жылы атқарылған жұмыс нәтижесіне мұқият тоқталып, алдағы уақытқа арналған жоспарлармен бөлісті. «2016 жылы 2 миллионнан астам адамды зейнетақымен қамсыздандыруға 1 трлн теңгеден артық қаржы қарастырылды. Базалық төлемді ескергендегі зейнетақының орташа мөлшері 55 117 теңгені немесе өткен жылдағы орташа жалақы деңгейінің 43,7%-ын құрады (бұл көрсеткіш Халықаралық еңбек ұйымында ұсынылған дәрежеге сәйкес келеді). 2017 жылдың 1 шілдесінен…

0
0
274

Еңбек мині Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының халқына мемлекеттік қолдау шаралары жайын түсіндірді

A A A ҚР Бас прокуратурасының “Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасы аясында, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мекемелер және прокуратура қызметкерлері жоба басталған 2017 жылдың 5 маусымынан бері Сарыағаш ауданы тұрғындарымен 22 кездесу өткізіп, әлеуметтік қорғау шаралары туралы ақпарат 1 058 адамға жеткізілді. Еске сала кетсек, “Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасында, тұрмыстық жәбірлеулерге қарсы тұрудың тиімді тетіктерін енгізу мен аталған саладағы құқықбұзушылықтар санын азайту мақсат етілген. Нәтижесінде, 109 азамат жеке тәртіпте көмекке жүгініп, олармен жан-жақты әңгімелесу жүргізілді. Қолға алынған іс-қимылдардың арқасында, аудан халқына келесі жәрдем түрлері көрсетілді: - 1 адамға атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге қолдау жасалса, аз қамтылған отбасылардағы 12 жан жұмыссыз р…

0
0
276

Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері 1 миллионнан астам қазақ атажұртына қоныс аударды

A A A Этникалық қазақтар үшін келу және және азаматтық алу рәсімдерінің оңайлатылуына байланысты, өткен жылы, елімізге 16 мыңнан астам оралман отбасы көшіп келді. Бұл 2015 жылы Отанына оралғандарға қарағанда 8 есеге артық көрсеткіш. Дегенмен, келген қандастарымыздың басым бөлігі тұрғылықты жері ретінде Астана мен Алматы қалаларын және оңтүстік өңірлерді таңдағандықтан, бұл ретте солтүстік өңірлерге қоныстанудың теріс сальдосы ұлғайды. Жалпы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, 1991 жылдан 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін 1 миллионнан астам этникалық қазақ тарихи атамекеніне оралып, оралман мәртебесін алды. 2016 жылы - 16,4 мың отбасы (33 754 адам), 2017 жылдың 1 тоқсанында - 2,6 мың отбасы (4,9 мың адам). “Осы орайда 2016 жылы елімізге қоныс аударған тұ…

0
0
287

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік қызмет көрсету саласын жаңғырту жұмыстары жалғасын табуда

Мемлекеттік, жекеменшік және үкіметтік емес секторларда стационар, жартылай стационар және үйдегі күтім, уақытша болу жағдайларындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтамасыз ету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілуде. 2009-2016 жылдары әлеуметтік қорғау жүйесі стандарттарын жүзеге асыруға арналған республикалық бюджет шығындары 24,5 млрд теңгеден асты. Ал 2017 жылы 1 152,9 млн теңге нысаналы қаржы сомасы бөлінуде. “Қазіргі уақытта Қазақстанда 651 мыңнан астам немесе халықтың жалпы санынан 3,7% мүгедек тұрады. Бұл жерде адамдардың 62,8%-ын еңбекке жарамды жастағы тұлғалар құраса, 12,2%-ы - 18 жасқа дейінгі балалар. Министрлік тарапынан әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын төлқұжаттандыру мен бейімдеу арқылы кедергісіз орта қалыптастыруды қосқанда, бірнеше бағытта жұмыс жүргізі…

0
0
326

Қазақстанда еңбек даулары мен еңбекақы бойынша қарыздар азайып келеді

Астанада өткен Үкімет отырысында жаңа Еңбек кодексін құқықтық тұрғыда қолдану тәжірибесі мен жұмысшыларды қорғауға қажет шаралар жайы талқыланды. 2016 жылдан бері іс жүзінде қолданыла бастаған жаңа Еңбек кодексі жұмысшыларға төменгі еңбек стандарттарын, кепілдіктер мен өтемақылар белгілейді. Еліміз өткен жылдың қорытындысында Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің “еңбек нарығының тиімділігі” бағытында көшбасшы мемлекеттер отыздығына еніп, 20-шы орын алды. “Жақын арадағы үш жылда, зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында, қысқартылған жұмыс уақытын, жыл сайынғы қосымша төленетін еңбек демалысын және сүт немесе сүтке тең емдік-алдын алу тамақтарын тағайындау туралы салалық қағидаттар қайта сараптаудан өтеді. Сонымен…

0
0
252

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың 5 айындағы “Өрлеу” бағдарламасының қорытынды нәтижелерін хабарлайды

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, “Өрлеу” жобасына 88,1 мың адам қатысып, бұл өткен айдан 26,9 мың адам жоғары көрсеткішті құрап отыр. “Өрлеу” жобасын, тиімді болғандықтан, барша қазақстандықтар қолдауда. Мәселен, 2016 жылдың қорытындысында, жұмыспен қамту шараларына тартуда, белсенді жұмыс Алматы – 96,6%, Оңтүстік Қазақстан – 95,2%, Жамбыл – 92,4%, Қызылорда – 91,8% облыстарында және Астана – 91,5% қаласында атқарылды. Өткен жылы “Өрлеу” жобасына барлығы 40 мыңға таяу адам қатысты. Нәтижесінде еңбекке жарамды жобаға атсалысушылардың 90,5%-ы жұмысқа орналастырылып, жан басына шаққандағы орташа кірістері 2 еседен астамға өсті. Еске сала кетсек, 2014 жылы, Қазақстанда “Өрлеу” жобасы іске қосылды. Пилоттық жобалар бастапқыда Қазақстанның үш өңірінде - Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жа…

0
0
206