Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Б. Нұрымбетов: «Жергілікті атқарушы органдар азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша жұмысты күшейтуі керек»

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру және жұмыспен қамту бойынша ҚР ДСӘДМ-де атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Сөз басында ол Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының аясында (88 қадам) ақпараттық, тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралар кешенінен тұратын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын алға жылжытудың кешенді жоспары бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын халық санасына сіңірудің басты шараларыныңы бірі – 2014 жылдан бері Еңбек күнін атап өту болып табылатынын хабарлады. Сонымен, ағымдағы жылы р…

0
0
213

ҚР ДСӘДМ әлеуметтік-еңбек саласының 2015 жылдың 9 айындағы қызметі қорытындыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен ҚР ДСӘДМ-нің ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметінің қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті. Шараға вице-министрлер, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары, бейнебайланыс режимінде – облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен еңбек инспекцияларының басшылары, сондай-ақ ҚР ДСӘДМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерінің директорлары қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында ең алдымен, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының төмендемеуіне жол бермеу үшін бар күш-жігерді салу керектіг…

0
0
201

Сенат Жаңа Еңбек кодексінің жобасын қабылдады

Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында палата депутаттары Жаңа Еңбек кодексінің жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Еңбек кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалды (83 қадам). Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық үлгісі тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтай отырып, олардың жауапкершілігі мен рөлін айқындап, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастарына мемлекет тарапынан араласу шегін нақты анықтауды ұсынады. Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылайтын болады. Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастар…

0
0
392

Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік бағдарланған үлгісі енгізілуде

Бұл туралы ҚР Президенті Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайтудың Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады. Сөз басында ол ҚР ДСӘДМ аймақтардағы әлеуметтік әл-ауқатты бақылауға мүмкіндік беретін әлеуметтік проблемалар картасын жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын мәлімдеді. «Қазіргі таңда картада медициналық ұйымдар, әлеуметтік нысандар, ана мен сәби өлімі жайлы ақпараттар, АҚТҚ жұқпалы ауруына шалдыққан адамдар саны, сонымен қатар, мүгедек азаматтар жайында мәлімет бар. Ол жетім балалар, балалардың денсаулығы, нашақорлық пен қылмыскерлік мәселелері…

0
0
786

Сарапшылар: Қазақстанда халықты жұмыспен қамту бойынша ұтымды шаралар кешені қолданылуда

ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның сарапшылары Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына (әрі қарай - ЭДЫҰ) қатысушы елдердің және Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайды талдай келе, осындай шешімге келді. Көптеген елдерде халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамтудың белсенді және бейтарап шараларын қарастыратын мемлекеттік бағдарламалар жасалған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына: арнаулы оқу орнындағы кәсіби дайындық, жұмыс орнындағы оқу, арнайы тағылымдамалар; қысқа мерзім ішінде (әдеттегідей) жұмыс орындарын субсидиялау; жұмыс істеуге қабілеттілігі төмен жұмысшыларды 100% субсидиялау; жаңа жұмыс орындарын құру; кәсіпкерлікті дамытуға көмектесетін бағдарламаларды жасау және қаржыландыру шаралары кіреді. Жұмыспен қа…

0
0
428

13,5 мыңға жуық ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 26 қазан аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 13484 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 13484 азаматтың 8682-сі түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 2542 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 2260 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды. Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 26 қазан аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 40…

0
0
202

2014 жылдан бастап Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 5 мыңнан астам инфрақұрылым нысандары бейімделді

2014 жылдан бастап мүліктік түгендеу нәтижесінде анықталған мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімделуі қажет 19,7 мың нысанның 5 мыңнан астамы бейімделді. Сондай-ақ, 2014 жылдан бері мүгедектерге арналған транспорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен жергілікті атқару органдарына ағымдағы мақсаттық трансферттер бөлініп келеді. Аталған қажеттіліктерге арналған 2014-2015 жылдардағы шығын көлемі 1,3 млрд. теңгені құрады. Аталған қаражаттың есебінен 14,4 мың жол белгілері мен көрсеткіштер, дыбыстық құрылғылары бар 283 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылып, еліміздің аймақтарында 11 «Инватакси» қызметін дамытуға қолдау көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 29 мыңға жуық инфрақұрылым нысандарын мүліктік түгендеуден өткізу қажет. Бұдан бұрын ағ…

0
0
199

Қазақстанда ішімдікті шамадан тыс қолданудың алдын алу бойынша онкүндік басталды

2015 жылдың 19 мен 28 қазаны аралығында еліміздің барлық аймақтарында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күнінің аясында «Алкогольді ішімдіктер жарнамасын тоқтату қажет!» деген ұранмен онкүндік өтеді. Шараны өткізудегі мақсат – халықтың алкогольді ішімдіктердің ағзаға тигізетін жағымсыз әсері туралы хабардарлығын арттыру, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Онкүндік барысында медициналық ұйымдарда мамандар кеңесінің ашық есік күндері өтеді: дөңгелек үстелдер; психолог, нарколог, әлеуметтік мамандардың қатысуымен оқу орындарында алкогольді ішімдіктерден бас тарту әдетін қалыптастыру; «Дені сау қала» кең көлемді акциясы, жасөспірімдер мен жастардың қатысуымен халық көп шоғырланған жерлерде флеш-мобтар өткізу;…

0
0
385

Қазақстанға 2015 жылдың басынан бастап 3 мыңнан астам оралман келді

1 қазандағы мәліметтер бойынша, биылғы жылдың басынан бастап өз тарихи отанына 3012 этникалық қазақ оралып (1164 отбасы), оралман мәртебесін алды. Қайта оралған оралмандардың басым көпшілігі Жамбыл облысында – 213 отбасы (529 адам), Оңтүстік Қазақстан облысы – 208 отбасы (527 адам), Қостанай облысы – 189 отбасы (452 адам), Маңғыстау облысы – 108 отбасы (487 адам), сондай-ақ, өзге де аймақтарға қоныстанған. Олардың көпшілігі Өзбекстаннан - 78,6%, 6,7% - Түркменстаннан, 6% - Қытайдан, 3,1% - Моңғолиядан, 5,6 % - басқа аймақтардан келген. Еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың көрсеткіші - 61,1%, 18 жасқа дейінгі балалар - 32,5%, зейнеткерлер - 6,3%-ді құрап отыр. Еңбекке жарамды жастағы оралмандардың 49,6%-ы жалпы орта білімді, 32,8%-орта арнаулы, 15,4% - жоғарғы білімді, 2,1%-нің білімі жоқ.…

0
0
257

Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 92%-ден астам жасөспірім вакциналанды

Ағымдағы жылдың 20 қазанындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында мақсатты топтың жалпы санынан (316 мың 704 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 292 мың 113 адам немесе 92,1% жасөспірім вакцинацияланды.

Қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 11 аймақта өз жұмысын аяқтады. Оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 100%, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалаларында 95%-дан астам адам қамтылды.

Иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өткізілуде.

0
0
234