Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

14,8 мыңнан астам ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 3 желтоқсан аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 14852 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 14852 азаматтың 9315-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 2980 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 2557 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды. Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 3 желтоқсан аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерін…

0
0
354

Т. Дүйсенова: Қазақстанда мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова бүгін ҚР ДСӘДМ-де ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның басшылығымен өткен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысында хабарлады. Шараға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, аймақтық әкімдердің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова биылғы жылы ҚР-дағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары екінші кезеңін жүзеге асыру шараларының аяқталатынын мәлімдеді. «Жоспардың екінші кезеңін жүзеге асыру барысын сип…

0
0
278

Астанада сарапшылар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеудің және ықпалдастырудың оңалту технологиялары мен инновациялары» атты халықаралық конференция өтті. Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты. Конференцияның мақсаты – тәжірибе алмасу, жаңа бағыттарды сараптау, мүгедектердің құқығын қорғау мәселесі бойынша заңнаманы жетілдірумен қатар ортақ ұсынымдарды қарастыру. Сөз басында Светлана Жақыпова Қазақстанның мүгедектер құқығы туралы Конвенцияны ратификациялауы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсартуға ықпалдасатынын атап айтты. Осы мақсатта ҚР Үкіметі мүгедектердің…

0
0
260

ҚР ДСӘДМ қызметтік міндеттерін орындау барысында зардап шеккен медициналық қызметкерлердің өмірін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануда

Қазіргі таңда қызметтік міндеттерін орындау барысында зардап шеккен Алматы қаласы жедел медициналық көмек стансасының дәрігерлеріне барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға ағымдағы жылдың 26 қарашасында 03 сағат 25 минутта Алматы қаласы «Таугүл» ықшамауданында шақыру бойынша келген жедел көмек бригадасының дәрігері мен фельдшеріне медициналық көмек көрсету кезінде қастандық жасалған. Зардап шеккендер №7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Мұнда оларға дәрімен емдеу шаралары жүргізіліп, ота жасалды. Қазір дәрігердің жағдайы өте ауыр, фельдшердің халі қанағаттанарлық деп бағалануда. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова медициналық көмек көрсету барысында азаматтар тарапынан дәрігерлерге қатысты көрсетілетін мұндай іс-әрекеттерге жол берілмеу…

0
0
255

ҚР ДСӘДМ мамандары мемлекеттік мекемелер мен еліміздің 9 аймағындағы кәсіпорындардың қызметкерлерін азаматтық қызметшілер еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) мамандары мемлекеттік мекемелер мен аймақтық кәсіпорындардың есепшілері мен кадрлық қызмет жұмыскерлерін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша оқытуда. 26 қарашадағы мәліметтерге сәйкес, ҚР ДСӘДМ жұмыс тобының мүшелері республиканың 9 аймағында: Астана және Алматы қалалары, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында оқыту жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда 5,5 мың адам оқытылды. Астанада 9-20 қазан аралығында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, білім, мәдениет, спорт, мұрағат және дін салаларындағы мемлекеттік органдарға бағынысты ұйымдардың қызметкерлері оқытылды. Со…

0
0
346

Санавиация қызметкерлері Киевтен Алматыға комаға түскен Қазақстан азаматын әкелді

Бүгін түнде Санитарлық авиацияның республикалық орталығының мобильдік бригадасы «Красный хутор» ауруханасында өкпенің жасанды желдетілуі аппаратында ауыр халде жатқан 1948 жылы туылған С. Қорласбаев атты Қазақстан азаматын «Терең кома. Мидың ісінуі» диагнозымен Киевтен Алматыға әкелді. Белгілі болғандай, С. Қорласбаев Киев қаласына қант диабеті мен оның асқынуы (аяқ диабеттік ангиопатиясы, диабеттік табан синдромы) сырқатынан өз қаражатына емделу үшін барған болатын. Украиндік медициналық қызметкерлер оның оң аяғын санның үштен бір ортасы деңгейінде кесіп алып тастаған. Аталған отадан соң С. Қорласбаев комаға түскен. Пациент стационар жағдайында әрі қарай қажетті медициналық көмек алу үшін Алматы қалалық №7 клиникалық емханасының жан сақтау бөліміне аман-есен жеткізілді. Естеріңізге сала…

0
0
290

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін 2050 жылға дейін жоспарлы түрде дамытудың негізі болады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «ҚР денсаулық сақтау жүйесін жаңа кезеңде дамыту» атты брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Сөз басында ол «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы биылғы жылы жүзеге асырылуы аяқталатын «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қисынды жалғасы екенін атап айтты. «Қазіргі таңда көптеген әлем елдерінің, соның ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жұқпалы аурулардың ұлғаюы, жаңа технологияларды енгізу есебінен денсаулық сақтау жүйесіндегі ресурстардың артуы, жасы ұлғайған халық санының өсімі сынды бірқатар жаһандық қауіп-қатерлер тұр. Алдыңғы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің әлеуеті нығайты…

0
0
1293

А. Цой: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге төмендеді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой Астана қаласында өткен «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты аймақтық кездесуде мәлімдеді.Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші мамандары, денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен айналысатын министрлік пен ведомстволардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай-ДДСҰ), көші-қон халықаралық ұйымы және ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының, сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың туберкулезбен сырқаттануын төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, оның салд…

0
0
284

Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 901 қаулысымен Біртанов Елжан Амантайұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды. Тағайындауға дейін Е. Біртанов «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС Басқарма басшысы қызметін атқарды. Елжан Біртанов 1971 жылдың 18 қазанында Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ол Алматы медициналық институтында, Аризона штатының университетінде, Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім академиясында, Шарите университеттік клиникасында (Германия), Тұран университетінде, Duke University, Fuqua School of Business (АҚШ), Global Executive MBA магистратурасында білім алған. Ол Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету емханасының дәрігер-реаниматологы, Республикалық токсиколог…

0
0
316

Сенат мүгедектердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын екі оқылымда қарап, қабылдады. Аталған Заң Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 20 ақпанда қол қойған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңды іске асыру шеңберінде әзірленген. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, оңалту саласындағы көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру, олардың қажеттіліктерінің ерекшелігін ескере отырып, еңбек етуге, физикалық қоршаған ортасына, оның ішінде көлікке, ақпарат пен байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау мақсатында Заң жобасы арқылы 24 заңнамалық актіге, оның ішінде…

0
0
293