Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Жыл басынан бастап 133 мыңға жуық қазақстандықтар «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтерге сәйкес «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 133 мыңға жуық қазақстандықтар қатысты. Олардың қатарында 72 мың адам (54,1%) жұмыссыздар, өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар – 61 мың (45,8%), 133 тұлға (0,1%) - ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер бар. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 2015 жылы 522 жоба жүзеге асырылып, құрылған жұмыс орындарына 8,5 мың адам орналастырылды. Екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлікті дамыту арқылы арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамыту) 5,7 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, микронесие алды, оның ішінде 3,9 мың адам алғаш рет өз істерін ашып, кә…

0
0
197

ҚР ДСӘДМ мен «Нұр Отан» партиясы «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын жүзеге асыру туралы Меморандум жасасты

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова мен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасының Меморандумына қол қойды. Аталған құжат Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауылдық жерлердегі өзін өзі өнімді еңбекпен қамтыған азаматтар санын арттыру, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылық негізіндегі ұсақ тауарлы өндіріс, ауылшаруашылық өнімдерін қайта жасау, өткізу мен өндіру көлемін ұлғайту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында жасалды. «Бүгін біз «Нұр Отан» партиясымен «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын іске асыру бойынша Меморандумға қол қойдық. Жобаның негізгі мәні «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» қаражатының белгі…

0
0
355

МЗСР РК и партия «Нұр Отан» заключили Меморандум о реализации проекта «Занятость на селе»

Сегодня Министр здравоохранения и социального развития РК Тамара Дуйсенова и Первый заместитель Председателя партии «Нұр Отан» Аскар Мырзахметов подписали Меморандум о реализации проекта «Занятость на селе». Данный документ разработан во исполнение поручений Главы государства по обеспечению занятости населения, снижению уровня безработицы и увеличению числа самостоятельно занятых продуктивным трудом людей в сельской местности через развитие малого предпринимательства, в том числе мелкотоварного производства на базе личного подсобного хозяйства, увеличение объема производства, переработки и сбыта сельскохозяйственной продукции. «Сегодня мы подписали Меморандум с партией «Нур Отан» по реализации проекта «Занятость на селе», суть которого заключается в том, что определенная часть средств «ДК…

0
0
371

Қазақстанда 8 жылда скринингтік зерттеулер нәтижесінде 1,7 млн. адамның ерте сатыдағы әртүрлі аурулары анықталды

Қазақстанда Ұлттық скринингтік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 2008 жылдан бастап республикалық және жергілікті бюджет есебінен 40,8 млн-нан астам тексеру жүргізілді. Бұл 1,7 млн-нан астам адамның ерте сатыдағы ауруларын анықтауға көмектесті. 2008 жылы басталған Ұлттық скринингтік бағдарламасына қанайналым жүйесін (БЖА), сүт безі, жатыр мойны обырларын анықтау кіреді. 2011 жылы «Саламатты Қазақстан» Мембағдарламасының аясында скринингтік зерттеу шараларының ауқымы кеңейтіліп, қант диабетін, глаукома, тоқ ішек пен тік ішек обырларын, В және С гепатиттерін анықтауға арналған тексерістермен толықтырылды. Мемлекеттік бағдарламамен біріктіріл…

0
0
568

Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысы ұлғаяды

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 28%-ға дейін, білім саласы - 29%-ға дейін және өзге сала қызметкерлерінің еңбекақысы 40%-ға дейін артады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін азаматтық қызметшілер еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісіне сәйкес, олардың лауазымын біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген: 1. Ұйымның даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы персонал блогы (A блогы). Аталған блогқа ұйым басшылары мен басшылардың орынбасарлары, ұйымдардың бағыну деңгейіне тәуелді (немесе басқару жауапкершілігінің деңгейіне байланысты: республикалық, облыстық, аудандық) құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен басшылардың орынбасарла…

0
0
362

Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттану 1,5 есеге азайды

2015 жылдың 11 айында Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттанудың көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 23 жағдай тіркелді (2014 жылдың 11 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 36 жағдай). Қазақстанда халықты жоспарлы түрде індетті паротитке қарсы иммунизациялау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы біріктірілген вакцинациялау арқылы жүргізіліп келеді. Бұл ҚР Профилактикалық егу ұлттық күнтізбесіне кіреді. Халықты кең көлемді вакцинациялау нәтижесінде соңғы 20 жылда республикада індетті паротитпен сырқаттану деңгейі 160 есеге азайды. Індетті паротитті халық арасында «свинка» деп атайды. Ауру ауа-тамшылы жұқпа жолмен сыртқы ортадағы тұрақсыз вирус арқылы туындайды. Сонымен қатар, зақымдану күнделікті тұрмыс бүйымдары, ойыншықтар,…

0
0
297

Қазақстанда қызамықпен сырқаттану көрсеткіші 77 есеге азайды

2015 жылдың 11 айында Қазақстанда қызамықпен сырқаттанудың көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77 есеге азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 2 жағдай тіркелді (2014 жылдың 11 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 152 жағдай). Қазақстанда халықты жоспарлы түрде қызамыққа қарсы иммунизациялау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрамдастырылған вакцинациялау арқылы жүргізіліп келеді. Бұл ҚР Профилактикалық егу ұлттық күнтізбесіне кіреді. Вакцинациялау нәтижесінде соңғы 20 жылда республикада қызамықпен сырқаттану деңгейі 1300-ден астам есеге азайды. Қызамық – ауру адаммен тығыз қатынаста болғанда ауа-тамшылы жолмен жұғатын респираторлық вирусты жіті инфекция. Жүкті әйелдер үшін қызамық ауруы өте қауіпті. Себебі, құрсақтағы нәресте 85%-ға дейін ауыр зақымдануы мүмкін. Сонымен…

0
0
437

Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған шараны жыл сайын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып өткізіп келеді. Биыл байқауға республиканың барлық өңірінен 541 кәсіпорын қатысты. Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Шығыс Қазақстан облысынан болды - 57. Қарағанды және Павлодар облыстарынан сәйкесінше 56 және 53 өтінім қабылданды. Байқауға қатысушылар өтінімінің басым бөлігі (264 кәсіпорын) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына келіп түсті. Аталған номинация бойынша үміткерлердің өз қызметкерлерін қолдау, мүмкіндігі шектеулі азам…

0
0
306

Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады. Аталған заң жобасы 2014 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі мен Бүкіләлемдік Банк Тобы арасындағы серіктестік туралы Негіздемелік келісімді жүзеге асыру мақсатында жасалған. Көрсетілген келісімге сәйкес, халықаралық қаржылық ұйымдармен бірлесе отырып бірқатар жобаларды, оның ішінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызы есебінен жүзеге асырылуы жобаланып отырған Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз…

0
0
180

Қазақстанда қан құю қауіпті емес

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында донорлық қан құю нәтижесінде қазақстандықтар АИТВ-ні жұқтыруы мүмкін деген жорамалмен жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. 2007 жылдан бері республикада қан құю салдарынан АИТВ инфекциясын жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Қан қызметіндегі инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі бірқатар кешенді қорғау шараларын ұсынады. Бірінші кезеңде азаматтар донорлар мен донорлыққа жіберілмейтін тұлғалар ақпараттық дерекқоры арқылы тексеріледі. Сонымен, 2014 жылы тексерістен соң 7,9 мың адамға, немесе донацияға жіберілмеген адамдардың жалпы санының (56,5 мың адам) 14%-ына донорлық рұқсат етілмеді. Екінші кезеңде потенциалды донорлар «қауіпті мінез-құлық» - нашақорлық тәуелділік, қорғалмаған, ретсіз жыныстық қатынастар, дәстүрлі емес жыныстық…

0
0
591