ҚР ДСӘДМ жанынан азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңес құрылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) жанынан ҚР ДСӘДМ мен қазақстандық қоғам өкілдері қатарынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер туралы, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беру міндеттілігі мен азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесуі бойынша азаматтық қоғам ой-пікірін білдіру болып табылады. ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің өкілеттілігіне: бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын қарастыру және талқылау; атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы тура…