Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Қазақстан АИТВ-нің таралуы жөнінде ЖБИ көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумы рейтингісінде бірінші орында

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында АИТВ-ны диагностикалау, емдеу мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде республикада халықтың осал топтарының арасында АИТВ-ның таралуын шоғырланған сатыда ұстап тұру мүмкіндігі пайда болды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, елімізде АИТВ инфекциясы бар адамдар (әрі қарай – АБА) саны 17 726-ны құрады. Соңғы екі жылдың ішінде «15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы» Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдердің қатарына кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда АИТВ инфекциясын емдеудің барлық заманауи тәсілдері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған препараттар қолданылады. 2009 жылдан…

0
0
373

Медициналық дәрі-дәрмектерді рецептімен өткізу – жаңа талап емес

Қазақстанның дәріханаларында дәрілік заттарды рецептімен өткізу – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мниистрлігінің (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) жаңа талабы емес. Рецептімен берілетін препараттарды рецептісіз өткізуге салынған 12 жылдан астам қолданыстағы тыйым азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге әкелетін дәрілік заттарды бақылаусыз қолдануға рұқсат бермеуге бағытталған. Рецептімен берілетін дәрілік заттардың тізімі 2004 жылы «Дәрілік заттар туралы» ҚР Заңы арқылы бекітілді. Қазіргі таңда дәрілерді өткізу мәселелері 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексімен реттеледі. 2016 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 7713 дәрілік заттардың атауы тіркелген, оның ішінде дәрігердің рецептісімен берілетін дәрілер саны 5871 (ҚР-да ті…

0
0
828

17 жылда қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды

1999-2015 жылдар аралығында Қазақстанда ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды. 1999 жылы ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 4 мың 179 теңге болды, 2015 жылы аталған көрсеткіш 39 мың 379 теңгені құрады.

Көрсетілген кезеңде зейнетақы шығындары 1999 жылы 99,1 млрд.теңгеден 2015 жылы 918,4 млрд. теңгеге дейін 9,3 есеге жуық өсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақының көлемі жыл сайын инфляция деңгейінен 2% басым көрсеткішпен индекстеледі. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы төлемдері 9%-ға өсті. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 1,9 млн. зейнеткер бар.

0
0
225

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 17 мыңнан астам қазақстандықтар көшірілді

2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») жүзеге асыруды бастағаннан бері экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 17 мыңнан астам азамат көшірілді (5 мыңға жуық отбасы). Жаңа мекен-жайға көшіп келген азаматтардың ішінде 8,4 мың адам еңбекке жарамды жаста, олардың 6,5 мың немесе жалпы көрсеткіштің 77,3%-ы жұмыспен қамтылды. Көшірілген барлық отбасылары мемлекет есебінен тегін баспана алды, 30%-ға жуық отбасы жеке тұрғын үйлерде тұрса, 70%-ы пәтерлер немесе жатақханадан бөлмелер алды. Жалпы алғанда 1223 жеке тұрғын үй, 108 көппәтерлі тұрғын үй және 12 жатақхана салынды. Облыстар арасында көшірілген адамдардың басым бөлігі Қарағанды облысында – 4 428 адам, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 3 145 және 2 529 адам болды.…

0
0
332

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы ана өлімінің көрсеткіші 84%-ға төмендеді

Қазақстанда 25 жылдың ішінде ана өлімінің көрсеткіші 84%-ға төмендеді – 1990 жылы 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 75,8-ден 2015 жылдың қорытындысы бойынша 12,3-ке азайды. Яғни, орташа есепеен жыл сайын 3,4%-ға төмендеп отырды. ДДСҰ мәліметінше, әлемде 2005 жылға дейін жыл сайынғы ана өлімінің төмендеу қарқыны 1%-дан төмен болатын, 2008 жылға дейін - 2,3%, 2010 жылға қарай 3,1% болды. Осылайша, Қазақстандағы ана өлімінің төмендеу көрсеткіші халықаралық ұсынымдарға сай келеді. Республикадағы ана өлімі көрсеткішінің төмендеу динамикасын бақылайтын болсақ, тәуелсіздік жылдарында аталған көрсеткіш дамыған елдер деңгейіне жеткенін байқауға болады: 1990 жылы тірі туылғандарға шаққанда 75,8 болса, 2000 жылы – 48,6, 2005 жылы – 40,5, 2010 жылы – 22,7, 2015 жылы – 12,3 болды. Денсаулық сақтау жү…

0
0
379

Соңғы 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті

1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің шығыны 6,9 есеге өсті (25,8-ден 177,5 млрд. теңгеге дейін). Аталған кезеңде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардың орташа көлемі 7,3 есеге өсті: 3 106-дан 22 710 теңгеге дейін. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақының көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теңге болды (1999 жылы – 4 250 теңге). Жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылы 1 951 теңгеден 2015 жылы 11 110 теңгеге дейін. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мың…

0
0
310

Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде Қазақстанда Зика вирусымен күрес бойынша ақпараттық науқан өтеді

7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы және ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік қолдауымен Зика вирусымен күрес бойынша ақпараттық науқан өтеді. Өткізілетін кампанияның мақсаты: жұртшылықтын назарын осы вирустық аурудын алдын алуға аудару, оның симптомдары, маса шағудан қорғану шаралары туралы хабардарлығын артыру және т.б. Ақпараттық науқан шеңберінде электрондық және баспа БАҚ-та, радиостансаларда мамандардың сұхбаттары; интернет порталдарында ақпараттық материалдарды орналастыру; медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (МСАҚ) аудио- және бе…

0
0
467

Әлеуметтік оңалтуды дамытудың республикалық орталығының мамандары Астана қаласының балалары үшін есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын өткізеді

2016 жылғы 6 және 20 сәуір аралығында ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік оңалтуды дамытудың республикалық ғылыми-практикалық орталығының сурдопедагог, логопед, психолог және массажист мамандары Астана қаласының 20 баласы үшін өткізілетін оңалту іс-шаралары барысында сөйлеу процессорларын икемге келтіретін болады. Кохлеарлық имплантация жасалған балалар үшін есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын өткізу ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басты міндеттерінің бірі. Биылғы жылы мемлекет тарапынан республика бойынша 250 балаға есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын өткізу жоспарлануда. Астана қаласында есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту процедуралары күн сайын сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін (үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін) Победа көшесі, 79 үйдің 2 қабатында орналасқан «АКА» б…

0
0
662

Алматыда сарапшылар Орта Азия елдеріндегі туберкулездің таралуымен күрес мәселелерін талқылады

Бүгін Алматыда еларалық жұмыс топтарының «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты аймақтық кездесуі өтті. Шара барысында сарапшылар аймақтағы туберкулезбен сырқаттануды трансшекаралық бақылау мәселелерін шешу бойынша Еларалық шектелмелі келісімінің жобасын және өзара әрекеттесу тетіктерін талқылады. Шараға денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен шұғылданатын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан министрліктері мен ведомстволарының, сонымен бірге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ), көші-қон халықаралық ұйымының, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясының, ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері қатысты. Жұмыс топтарының аймақтық отырыстарын Қазақстан Республикасының 2014-…

0
0
314

Қазақстанда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік өтеді

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында «Дұрыс тамақтану – дені сау ұлтты қалыптастырудың кепілі!» ұранымен мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік өткізіледі. Шара 10 сәуірге дейін жалғасады. Шараның мақсаты – дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде халықтың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың сауаттылығын арттыру, оқу орындарындағы оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету болып табылады. Онкүндік аясында республиканың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында медициналық қызметкерлер арасында балалардың, оның ішінде мектеп жасындағы балалардың тамақтану режимі туралы, аурудың алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында, тез даярланатын тағамдар азық-түліктерінің кері әсері туралы оқыту семинар-тренингтерін өткізу; дието…

0
0
527