Соңғы 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті
1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің шығыны 6,9 есеге өсті (25,8-ден 177,5 млрд. теңгеге дейін).
Аталған кезеңде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардың орташа көлемі 7,3 есеге өсті: 3 106-дан 22 710 теңгеге дейін.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақының көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теңге болды (1999 жылы – 4 250 теңге).
Жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылы 1 951 теңгеден 2015 жылы 11 110 теңгеге дейін.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мыңнан аса жәрдемақы алушылар тіркелген.
