Астанада «KIOSH-2016» халықаралық конференциясы және көрмесі ашылды
Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай VI Қазақстандық халықаралық конференциясы мен Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады. Конференцияның мақсаты – кәсіпорындарда жарақаттың азаюына, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендетуге, қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін шығынды азайтуға, кәсіби аурулардың алдын-алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңб…