Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Соңғы 8 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 30%-ға жуық төмендеді

Қазақстанда 2008-2015 жылдар аралығында өндірістік жарақаттану көрсеткіші 29,5%-ға төмендеді. 2008 жылы өндіріс орындарында 2 мың 444 адам жарақат алса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 мың 723 адам болды. 2005-2015 жылдар аралығындағы өндірістік жарақаттан қайтыс болған қазақстандықтардың саны 2008 жылғы 404 адамнан 2015 жылы 251 адамға, яғни 38,1 %-ға азайды. Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласында атқарған іс-шаралары нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің өндіріс орындарында еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігін басқарудың заманауи жүйесін құруға бағытталған жаңа Еңбек кодексі әзірленіп, күшіне енді. Еңбек кодексінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде бірігі…

0
0
369

Соңғы 7 жылда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 42,5 есеге азайды

2009 жылдан бастап республиканың кәсіпорындарында жалақы бойынша қарыздарды анықтау мен оны өндіру жөнінде мемлекеттік органдардың қабылдаған жүйелі шараларының нәтижесінде берешек көлемі 42,5 еседен астам азайды. 2009 жылы мерзімі өткен қарыздың көлемі (3 айдан аса) 4,6 млрд. теңге болса, 2016 жылғы мамыр айындағы мәлімет бойынша 108,2 млн. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, аталған мерзімде аймақтардағы мемлекеттік еңбек инспекциясының жүргізген тексерулері нәтижесінде (106 мыңнан астам тексеріс) 435 мыңнан астам қызметкерлердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі 46,5 млрд. теңге төлемақы қайтарылды. Еске сала кетейік, ҚР ДСӘДМ мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, еңбек даулары туындау тәуекелдеріне, қызметкерлердің қысқартылуы мен жұмыстан босатылуына және жалақының у…

0
0
294

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметі тегін болып қала бермек

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметін шақыру ақылы болатыны туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда жедел медициналық көмекті шақыру қызметі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізіміне кіреді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында 2017 жылдан бастап аталған қызмет республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің базалық пакетіне кіреді. Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Оған жедел жәрдем қызметі мен саниатрлық авиация, әлеуметтік мәні бар және шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық егу жұмыстары жатады. Осылайша, жедел медициналық көмекті шақыру қызметі ҚР азаматтарымен қатар, республика аумағындағы шетел азамат…

0
0
254

Алматыда ЕАЭО-дағы дәрілік заттар айналысының мәселелері талқыланды

Бүгін Алматыда KIHE 2016 – Қазақстандық Халықаралық 23-ші денсаулық сақтау саласы көрмесінің аясында «ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысының жалпы нарығы. Қазақстан Республикасының бірыңғай дистрибуциясы жүйесін дамытудың стратегиясы» атты дөңгелек стол өтті. Шараны «СК Фармация» ЖШС мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырды. Аталған шараға ҚР ДСӘДМ, «Атамекен» ҰКП, ҮЕҰ, отандық тауар өндірушілер өкілдері, шетелдік фармацевтикалық компаниялардың жетекшілері және т.б. қатысты. Дөңгелек стол барысында «СК Фармация» ЖШС Басқарма басшысы Нұржан Әлібаев «ҚР Бірыңғай дистрибуция жүйесін дамыту стратегиясының аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жетілдіру шаралары туралы» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол шарағ…

0
0
300

Қазақстанда Дүниежүзілік артериялық гипертония күні аталып өтуде

Қазақстанның барлық өңірлерінде 11-12 мамыр аралығында Дүниежүзілік артериялық гипертония күніне арналған шаралар өтуде. Жиындардың мақсаты – халықтың аталған ауруды диагностикалау, емдеу мен алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ) бағалауы бойынша әлемде ересек адамдардың 40%-ында жыл сайын тоғыз миллионнан астам өлім-жітім жағдайына себеп болатын гипертония ауруы байқалады. Уақытынан бұрын болатын өлім-жітімнің 80%-ын қауіп-қатердің мінез-құлық факторларын бақылау арқылы алдын алуға болады: темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, дене салмағының артық мөлшерде болуы. Халықтың артерия гипертониясы туралы хабардарлығының аз болуы аталған сырқаттың маңыздылығын дұрыс бағаламауға, аурудың алғашқы…

0
0
422

Т. Дүйсенова ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеге барды. Ол Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысының 71-ші Жеңісіне арналған «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» атты салтанатты жиында сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова: «1945 жылдың 9 мамыры – еліміздің батырлық шежіресінде мәңгілікке жазылған ерекше күн. Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңіз, сондай-ақ ерен еңбектеріңіз бізге Жеңіс сыйлады. Туған жері үшін өмірін қиған батыр бабаларымыздың есімі ел есінде мәңгі сақталмақ. Соғыстан кейін де сіздер бар күш-жігерлеріңізді еліміздің қайта қалпына келуіне, одан әрі өркендеуіне арнап, ел игілігі үшін аянбай еңбек еттің…

0
0
593

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында сәби өлімінің көрсеткіші 3 есеге төмендеді

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары диагностикалау мен нәрестенің бойындағы патологияларды ерте кезеңде анықтаудың заманауи тәсілдерін қолдану нәтижесінде сәби өлімін 1991 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ке дейін 3 есеге төмендеді. Республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3%-ға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 граммға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдерін енгізуді есепке ала отырып елімізде стационарлық қызметті, тә…

0
0
495

Соңғы 6 жылда Қазақстанда жоғары технологияларды қолдану арқылы емделген пациенттер саны 5 есеге ұлғайды

2010 жылдан бастап Қазақстанда жоғарғы технологияларды қолдану арқылы емделген пациенттер саны 5 есеге өсті. Сонымен бірге, аталған қызметті кеңінен енгізуге байланысты, 2014 жылдан бастап 30 жоғары мамандандырылған көмек (әрі қарай - ЖММК) мамандандырылған көмек қатарына ауыстырылды. ЖММК – азаматтар диагностикалау мен емдеудің ерекше қиын тәсілін әрі бірегей медициналық технологияларды талап ететін аурумен сырқаттанған жағдайда медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетуі. 2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудың бірегей ұлттық жүйесін енгізу – еліміздің барлық өңірлерде жоғарғы технологиялардың белсенді дамуына ықпал етті. Бұл ЖММК-нің ауыл тұрғындарына қолжетімді болуын қамтамасыз етіп отыр. ЖММК қызметі 2010 жылы 10690 адамға, 2011 - 34706, 2012 жылы – 41747, 2013 жылы – 54454, 20…

0
0
355

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында тұратын 280-нен астам отбасы «Өрлеу» жобасының аясында әлеуметтік көмек алды

2016 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасының аясында жалпы сомасы 16,2 млн.теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 8,9 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 7,3 млн. теңгені құрайтын шартты ақшалай көмек (ШАК) 285 отбасына (1 мың 262 адам) тағайындалды. ШАК алушылардың ішінде 719 адам – 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандар - 351 адам, балалар күтімімен айналысатындар саны – 111 адам, жалдамалы жұмысшылар – 46, күндізгі оқу бөлімінде оқитындар - 20, мүгедектер – 15 адамды құрап отыр. Жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 351 адам қамтылды. Бұл жұмысқа жарамды қатысушылардың 88,4%-ын құрайды. Оның ішінде 197 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы атанды. 109 азамат түрақты жұмыспен қамтылы…

0
0
357

Биыл Қазақстанның жұмыс күші мол аймақтарынан 1259 оралманды көшіру жоспарланып отыр

2016 жылы Үкіметтің ағымдағы жылғы 18 ақпандағы «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы» Қаулысын іске асыру шеңберінде 1259 оралмандар отбасын жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшіру жоспарланып отыр. Тарихи отанына оралған этникалық қазақтарды орналастыру аймақтық квоталары келесі кезекте бөлінген: Павлодар облысында – 690 отбасы, Шығыс Қазақстан облысында – 260 отбасы, Ақмола облысында – 123 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысында – 108 отбасы, Батыс Қазақстан облысында – 29 отбасы, Атырау облысында – 28, Қостанай облысында – 21 отбасы. Жоғарыда аталған Қаулыда жұмыс күшіне сұраныс мол аймақтарға қоныс аударғысы келетін ҚР азаматтарын көшіру де қарастырылған. Бұл бағытқа 463 қоныс аударушы отбасын қабы…

0
0
338