Астанада ана мен сәби өлімінің көрсеткішін төмендету мәселелері талқыланды
Ағымдағы жылғы 2 маусымда Астанада №9 қалалық емханада ЮНИСЕФ-пен ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бірлескен шаралары аясында ана мен сәби өлімінің көрсеткішін төмендету бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (әрі қарай - ДДСҰ) ұсынған тиімді технологияларды енгізу туралы отырыс өтті. Шараға Астана, Алматы қалалары, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының босандыру мен балалар мәселелері бойынша орынбасарлары, тиімді перинаталды және антенаталды күтім, бала жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша аймақтық үйлестірушілер қатысты. Жиында аналар мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, ауруларға үй жағдайында медициналық қызмет көрсету қызметі мен ана мен сәби өлімін төмендету бойынша ведомствоаралық өзара әрекеттесу шарал…