Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Т. Дүйсенова халық алдында ҚР ДСӘДМ жұмысы бойынша есеп берді

Бүгін Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың тұрғындармен кездесуі өтті. Шара барысында ҚР ДСӘДМ басшысы азаматтарға министрліктің медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атқарып отырған жұмысы туралы мәлімдеді. Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ішкі істер, қаржы, әділет, энергетика, қорғаныс, білім және ғылым, ауылшаруашылық, ақпарат және коммуникациялар, мемлекеттік қызмет жөніндегі министрліктерінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Тамара Дүйсенованың халық алдындағы есептік кездесуіне ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қо…

0
0
430

Алматы қаласының 21 мыңнан астам медициналық қызметкерлеріне медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері түсіндіріледі

ҚР ДСӘДМ ұйымдастырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында Алматыда 21,8 мың медициналық қызметкер МӘМС жүйесінің негізгі қағидалары бойынша білім алатын болады. Бүгін Алматыда құрамына қала әкімдігінің өкілдері, ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті аймақтық департаментінің директоры Тілеухан Әбілдаев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Валихан Ахметов, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті әкімшілік департаментінің директоры Василий Девятко, ҚазҰМУ кафедра жетекшісі, профессорҚұралбай Құрақбаев қаланың 95 медициналық ұйымдарының басшыларына семинар өткізді. Шара барысында ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері МӘМС-ті енгізу…

0
0
369

15 жылда Травматология және ортопедия ҒЗИ-да 126 мыңнан астам адам емделді

15 жылда ҚР ДСӘДМ Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында (бұдан әрі - ТОҒЗИ) 126 мыңнан астам адам емделді. Орталық аудандық, қалалық және облыстық ауруханалар деңгейінде сүйек-бұлшықет жүйесі зақымдалған, термиялық және химиялық күйікке шалдыққан ауруларды қарау және емдеу стандарттары әзірленді. Травматология, ортопедия, термиялық жарақат, жақ-бет жарақаты, политравма, нейротравма, жан сақтау, микрохирургия, ревматология және оңалту бойынша диагностикалау мен емдеудің 45 медициналық-экономикалық хаттамалары жасалды. 2006 жылдан бері институтта ірі буындарға остеосинтез, артроскопия, эндопротездеу жасайтын заманауи аудио- және бейнежүйемен, құралдармен және муляждармен жабдықталған мамандарды диппломнан кейін дайындау орталығы жұмыс жасайды. ТОҒЗИ тұрақты түрде жақын жә…

0
0
437

Астанада ТМД қатысушы мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Бүгін Астанада ТМД қатысушы мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы бойынша XXVI отырысы өтті. Шара барысында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина денсаулық сақтау министрлігі мен ұйымдарының өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі мен медицина ғылымы салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Шараға ЮНЭЙДС Атқарушы директоры Мишель Сидибе және ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросының арнайы өкілі Гайк Никогосян қатысты. Отырыста сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова әлемдегі барлық елдерде денсаулық сақтау саласына баса назар аударылатынын атап айтты. Министр АИТВ/ЖИТС-тің таралуы бойынша ескертуге бағытталған ортақ шараларды жүзеге асыру барысын…

0
0
412

ҚР ДСӘДМ-ге қарасты 2 ұйым бәсекелестік ортаға берілді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты 2 ұйым («Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ және «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі» РМҚК) бәсекелестік ортаға берілді. ҚР ДСӘДМ бәсекелестік ортаға берілетін ұйымдарының тізімі 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспарына сәйкес жасалды. Аталған жоспар 2015 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің №1141 қаулысымен бекітілді. Жоғарыда көрсетілген ұйымдармен қатар «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМҚК, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы» АҚ және «Республикалық протез-ортопедиялық орталығы» АҚ жекешелендіруге жатады. «СК Фармация» ЖШС, «Қазмедтех» АҚ, «Ұлттық ғылыми ме…

0
0
256

Астанада «Өз кәсібінің үздігі» атты медицина қызметкерлері арасында өткен республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

үгін Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қ.) жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиын барысында «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары 8 аталым бойынша бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Медицина саласы қызметкерлеріне белгілі қазақстандық эстрада орындаушылары өнер көрсетті. Салтанатты жиынға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген белгілі медицина саласының қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері (1300-ден астам адам) қатысты. Тамара Дүйсенова еліміздегі медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, қазақстандықтар мен ұлт болашағының денсаулығын…

0
0
421

Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды

Бүгін Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды. Шара 2016 жылдың 16 маусымына дейін жалғасады. Аталған онкүндіктің мақсаты – өткір ішек инфекциясының таралу жолдары, инфекция жұғуының алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, балалар мен жасөспірімдерді жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, азаматтардың денсаулық сақтау және нығайтуда жауапкершілігін арттыру жөнінде халықтың хабардарлығын арттыру. Онкүндік аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (әрі қарай - МСАК) өткір ішек инфекцияларының алдын алу жөнінде гастроэнтерологтардың, инфекционистердің, педиатрлардың, жалпы практика дәрігерлерінің және т.б. мамандардың кеңес беретін ашық есік күндері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, МСАК мамандарының арасында өтк…

0
0
458

Ақтөбе қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен азаматтарға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде

5 маусымда экстремистік топтың Ақтөбе қаласындағы «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкеніне, сонымен қатар ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының №6655 бөліміне жасаған шабуылы нәтижесінде зардап шеккен адамдар барлық қажетті жедел әрі дәрілік ем қабылдауда. Ауыр жарақаттанған адамдарға 5 маусым күні Астана қаласынан Ақтөбеге құрамында дәрігер-реаниматолог, тамырлар хирургы, нейрохирург, таракалды хирург, жалпы хирург және травматолог дәрігерлері бар Республикалық санитарлық авиация орталығының бригадасы барды. Астаналық мамандар ота жасауға көмектесіп, пациенттерді әрі қарай емдеу бойынша кеңес берді. Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2016 жылғы 6 маусым 15 сағат 30 минут уақытындағы жағдайға сәйкес зардап шеккен адамдардың 19-сы стационарлық ем қабылдауда. Оның ішінде 1…

0
0
326

Қазақстанда Денсаулық фестивалі басталды

Бүгін Қазақстанда Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты ұранмен Денсаулық фестивалі басталды. Шараның мақсаты – физикалық белсенділікті арттыру және дұрыс тамақтану талаптарын сақтай отырып, жаман қылықтардан арылу, сонымен бірге денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру арқылы қоғам назарын денсаулықты сақтау мен оны қорғаудың ортақ жауапкершілігіне аудару. Денсаулық фестивалінің аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында ашық есік күндері өтеді: адамдар көп шоғырланған жерлерде салауатты өмір салтының әртүрлі бағыттары бойынша терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, эндокринологтар, пульмонологтардың тегін консультациясы көрсетілетін «денсаулық қалашығы» құ…

0
0
451

Астанада Орталық Азия елдерінің радиологтарын ауруларды диагностикалаудың халықаралық стандарттарына оқытуда

Бүгін Астанада Радиологтардың еуропалық қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылған «ESOR Astana Tutorial» атты Радиологтардың ІІІ еуропалық мектебі өз жұмысын бастады. Радиологтар еуропалық мектебінің мақсаты – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдері жас радиологтарын әлеуметтік мәне бар ауруларды (жүрек пен қантамырлар патологиясы, өкпе туберкулезі, қимыл-тірек аппараты және сүт безінің қатерлі ісігі) радиологиялық диагностикалау халықаралық стандарттары және радиациялық қауіпсіздік бойынша білім беру болып табылады. Екі апта ішінде «ESOR Astana Tutorial 2015» қатысушылары радиология саласындағы Греция, Бельгия, Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі мамандарының дәрістерін тыңдайтын болады. Дәріс берушілердің қатарында Радиологтардың еуропалық мектебіні…

0
0
343