Т. Дүйсенова тұрғындардың медициналық сақтандыру жөніндегі өзекті сауалдарына түсініктеме берді
Жуырда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу бойынша Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарының аймақтық штаб мүшелері үшін селекторлық тәртіпте өткен семинарда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова халықты, жұмыс берушілерді, медициналық қызметкерлерді толғандырған бірқатар сұрақтарға түсініктеме берді. Аймақтардың өкілдері медициналық сақтандыру пациенттердің дәрілік заттар шығынын өтей ме, МӘМС аясында оралмандар үшін медициналық қызметтер пакеті қарастырылған ба, ауылдық денсаулық сақтау саласын қандай жаңалықтар күтіп тұр, өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтыған азаматтар және жұмыс істейтін зейнеткерлердің Медициналық сақтандыру қорының жарнасын төлеу тәртібі және жаңа жүйеде ведомстволық медициналық ұйымдар қалай жұмыс істейтіні…