Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Жыл басынан бастап қазақстандық жұмыс берушілер шетел мамандарын шақыруға рұқсат алу мақсатында 12,5 млн. теңге төледі

Ақтөбе облысы мен Астана қаласындағы жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа ережелеріне сай 28 шетел қызметкерін жұмысқа орналастыруға рұқсат алу мақсатында 12,5 млн. теңге көлемінде салық төледі. Шетелдік мамандар бұрғылау инженері, инженер-технолог, электроника инженері қызметтеріне шақырылды. Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет жергілікті атқару органдары, сонымен бірге, «бір терезе» қағидасы бойынша электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа тәсілдері қолданысқа енгізілді. Аталған ережелерге сай, жұмыс рұқсатнамаларын беру мерзімі қысқартылды, отандық еңбек нарығында мамандар іздеуді қарастырып жүрген жұмыс берушілерге қойылатын әкімшілік талаптар жойылып, шетелдік ма…

0
0
236

Астанада медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша заң жобасына ұсынылатын түзетулер талқыланады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді. Тыңдауға тәуелсіз сарапшылар, саяси партиялардың парламенттік және парламентке кірмейтін саяси партия өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері шақырылды. Қоғамдық тыңдау 2017 жылғы 27 қаңтарда сағат 15.00-де Астана қаласы Бейбітшілік к-сі 49 А, Астана Медициналық университетінің мәжіліс залында өтеді (1 қабат). Қатысушыларды алдын ала тіркеу шара басталғанға дейінгі 30 минутта жүргізіледі. Кез келген адам ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz ресми…

0
0
379

2016 жылы бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 30,9 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді

2016 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 30,9 млрд. астам теңге бөлінді.

Жәрдемақының мұндай түрін алушылардың жылдық орташа саны 143,3 мың адамды құрады. Ал жәрдемақының мөлшері балалардың кезегіне қарай 12 217 теңгеден 18 877 теңге аралығында құрады.

2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 35,9 млрд. теңге қарастырылған.

0
0
421

ҚР ДСӘДМ-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (әрі қарай –ДСӘДМ) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында ҚР-дағы мүгедектер өмірінің сапасын арттыру, олардың құқықтарын жүзеге асыру мәселелері, мүгедектердің қоғамның мәдени, спорттық өміріне қатысу көрсеткішін арттыру мәселелері қарастырылды. Мүгедектердің құқықтарын қ…

0
0
492

2016 жылы Қазақстанда санитарлық авиация 2,2 мыңға жуық ұшырылым жасады

Медициналық көмек көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығының бригадалары 2016 жылы 2192 ұшырылым жасады. 2015 жылмен салыстырғанда ұшырылым саны 43-ге немесе 2%-ға ұлғайды. Өткен жылдың 12 айында санавиация мамандары 2700 медициналық қызмет көрсетті. Оның ішінде 2143 пациенттерді тасымалдау, 433 консультация мен 124 ота жасалды. Сонымен бірге, 38 донорлық орган тасымалданды. Аталған мерзім ішінде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары-пациенттерін Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін Мәскеуден (Ресей) – 2 ұшырылым, Измир (Түркия), Пусан (Оңтүстік Корея), Цвейбрюкен (Германия), Прага (Чехия), Бішкек (Қырғызстан), Анталия (Түркия), Минск (Беларусь) қалаларынан 1 ұшырылымнан жасалып, тасымалданды. Санитарлық авиацияның мобил…

0
0
465

Астанада мүгедектерге арналған киім мен аяқ киімдерді өндіру туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мен ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектігі бар балалар үшін арнайы киім мен аяқ киім өндіруді ұйымдастыру шараларын қарастыратын серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Мүгедектерге арналған киімдерді тігу мен аяқ киімді шығару барысында олардың функционалдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескерілетін болады. Қазақстанда бүгінгі таңда мүгедектігі бар азаматтар үшін киім тігу бойынша өндіріс орындары жоқ. Сондықтан да аталған жоба өзекті болып отыр. Шара аясында мүгедектігі бар азаматтардың функционалдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып құрастырылған және дайындалған «Adaptive Clothin…

0
0
366

2016 жылы МӘСҚ қазақстандықтарға бала тууына, асырап алуына және күтіміне байланысты 125,5 млрд. теңгеден астам қаражат төленді

2016 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жүктілік пен босануға, бала асырап алуына, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайға байланысты азаматтарға 125.5 млрд. теңге төленді. Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, оған республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан басқа, жүктілік пен босануға, бала асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер беру қарастырылған. 2016 жылы мұндай әлеуметтік төлемдер 56,5 млрд. теңге сомасында 174 366 әйелге берілді. Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан берілген ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 2016 жылы 22 349 теңгені құрады. Ай сайын әлеуметтік төлемнің мұндай т…

0
0
342

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 925 сәби дүниеге келді

Жедел ақпарат бойынша Қазақстанда 2016 жылғы 31 желтоқсанда 925 сәби дүниеге келді.

Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 192 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы қаласында – 110,  Алматы облысында – 93, Астана қаласында – 67,  Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында 55 бала дүниеге келді.

Айта кету керек, Қазақстанда 2015 жылдың 31 желтоқсанында 909  сәби дүниеге келген.

0
0
216

2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 48 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1852 кәсіпорнында 50,6 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 7,1 млрд. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1688 ұйғарым беріліп, 262,8 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 48 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 6,8 млрд. теңге төленді.

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9680 тексеру жүргізді. 16 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 553 млн. теңге сомаға айыппұл салынды.

0
0
322

БАҚ-да таралған ӘМСҚ-на жарналар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі - ӘМСҚ) жарналар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мыналар, Мемлекет басшысының 2016 жылғы 22 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, қарастырылады: - Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалар ӘМСҚ-ға төлейтін жарналарын 2017 жылғы 1 шілдеден бастап аударады; - халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына мемлекеттен төленетін жарналар 2018 жылғы…

0
0
436