Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 925 сәби дүниеге келді

Жедел ақпарат бойынша Қазақстанда 2016 жылғы 31 желтоқсанда 925 сәби дүниеге келді.

Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 192 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы қаласында – 110,  Алматы облысында – 93, Астана қаласында – 67,  Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында 55 бала дүниеге келді.

Айта кету керек, Қазақстанда 2015 жылдың 31 желтоқсанында 909  сәби дүниеге келген.

 
0
0
217

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 925 сәби дүниеге келді - Yvision.kz