Қазақстанның 7 аймағында Ауруларды басқаруды енгізу – бағдарлама қатысушыларының денсаулығын нығайта түсті
Қазақстанның 7 өңірінде пилоттық тәртіпте Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу (әрі қарай - АББ) созылмалы жүрек кемістігі бар бағдарлама қатысушыларының ауыр жағдайын 50%-ға азайтуға, артериалдық гипертензиясы бар көптеген пациенттердің артериалдық қысымын тұрақтандыруға мүмкіндік берді. АББ 2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 7 емханасында пилоттық тәртіпте енгізілді. Жобаны жүзеге асыру барысында артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті бар 1213 пациенттермен келісім жасалыдв. Оған сәкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады. Емханалар жанында пациенттерді өзіне өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығын…