Мазмұнға өту
MISK

МИСК

@MISK

Сайтта 2013 ж. 13 мамырКазахстан, Алматы

Молодежная информационная служба Казахстана (МИСК) – некоммерческая организация, объединяющая молодых неравнодушных людей, которые хотят вложить свои знания, энергию, интеллект в развитие и процветание Казахстана.

рейтинг

100

жазбалар

35

пікір

1

тіркелуші

8

жазылымдар

2

Кыдыр Харесұлы, главный редактор газеты «Жастық Үні», о состоянии отечественной журналистики

МНЕНИЕ // Абдырахманов Кыдыр Харесұлы, Батыс Қазақстан облыстық «Жастық Үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық «Жастық Үні» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы #humanrights@misk_kz /// #равныеправаА19кз#equalityA19kz

- Журналистік зерттеу жанры қазақ баспасөзінде қаншалықты дамыған?

– Журналистік зерттеу үлкен ізденісті талап ететін тақырып, бағдарлама былай қарағанда. Қазір бір тақырыпты тауып алып, соны жылдамдатып, бүгін ертен көрсетем деу далбасалық. Сондықтан бізде журналистік зерттеу қазір телеарналардан жақсы көрсетіліп жатыр, бірақ әлі жаңару керек, әлде де қалыптасу керек деп ойлаймын.

- Сіз журналистік зерттеу істеп көргенсіз бе?

– Менің негізгі кәсібім газетте жұмыс істеу болғандықтан, журналистік зерттеу деп қарамай, алған материалды зерттеп, мүмкіндігінше оқырманның көзіне, көңіліне қонымды болсын деп ізденем. Бізде журналистік зерттеу мәселесі ешқашан қалыс қалмайды. Болашақта өзіміздің газет саласындағы бір жанры болып қала береді.

- Сіз қай тақырыпты зерттегіңіз келіп жүр?

– Зерттеуге тұратын бір тақырып болатын болса сол тақырыпты зерттейтін едім. Қай сала болса да - жастар мәселесі болсын, қылмыстық мәселелері болсын, зерттеу керек жағдайда, мәселе жаңып тұрған жағдайда соны қорғауға, сол салада ізденіп, заң тармақтарын атқарып, оған байланысты жұмыстарды қарап, бәрін жақсылап тұрып зерттеуге тырысамын. Бұл біздің міндетіміз деп есептеймін.

-Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасында журналистика қандай бағытта даму керек? Оған не жеткіліксіз?

– Жетіспейтін нәрселерді іздейтін болсақ, олар өте көп. Еркіндік жетіспейді әлде де, біз енді демократиялық мемлекетпіз, ойымызды ашық айта аламыз дейміз. Бірақ, оның бәрі бар, шүкір, жеке тәуелсіз басылымдарды ашып, ауылдық жерден ашып, оған оқырман тартып, соларға газет оқуға жол ашып отырғанымыздың өзі еркіндік деп ойлаймын. Жалпы, негізгі біздің Президентіміздің саясаты дұрыс, осы саясатты әрі қарай апару, оны жандандыру, оны халықпен байланысын нығайту осы журналист ағайындардың еңбегі, қызметі деп білемін.

 
0
0
891

Главный редактор журнала «Әлімсақ» Нурлан Нурмахан об отечественной журналистике

МНЕНИЕ // Нұрмахан Нұрлан Көбегенұлы, «Әлімсақ» республикалық журналының бас редакторы, Қызылорда қаласы #humanrights@misk_kz /// #равныеправаА19кз#equalityA19kz


- Журналистік зерттеу жанры қазақ баспасөзінде қаншалықты дамыған?

– Қазақстанда журналистік зерттеу жоқ деп айтуға болмайды. Ол орталықтарда бар, сосын облыстық деңгейде де бар. Журналистік зерттеу мемлекеттік ақпарат құралдарында жоқтың қасы, бірақ тәуелсіз басылымдар өз деңгейінде журналистік зерттеулерді жасап жатыр. Алғашқы талпыныс бар, әрине ол деңгейге байланысты ғой. Деңгейге байланысты болғандықтан оны көтеру мәселесіне жан-жақты білетін және сол бағытта үзбей жазып жүрген журналист жалпы зерттеу жасай алады деп есептеймін. Дегенмен, кейбір мәселелерді, ақпаратты журналист зерттеуінде тереңірек бару жағдайында кейде ақпаратты алу мәселесі туындап тұрады. Бізге жеткілікті, толық материалдар да берілмейтін жағдайлар бар, оны біз жасыра алмаймыз. Ол қоғамдағы, қазіргі Қазақстанда бар жағдай.

- Сіз журналистік зерттеу істеп көргенсіз бе?

– Мен бұл салада жиырма жылдай қызмет етіп келе жатқандықтан, әр түрлі ақпаратты беруімен қатар, мен журналистік зерттеу, сараптамалық материалдарды жазып тұрдым. Олар құқық тақырыбында болды, әлеуметтік мәселелерді, медицина саласын қамтыған. Нәтиже шыққан да ұтыстар болды. Кейбір адамдарды тәртіптік кеңесінің алдына шығарып, олардан жаза алып көрсеткен уақыттар болды.

- Сіз қай тақырыпты зерттегіңіз келіп жүр?

– Мен құқық тақырыбын зерттегенмін және жеке азамат ретінде мемлекеттік бір органды менің құқығыма шектеу жасаған үшін сотқа берген жағдайым бар. Одан ұтып шықтым, құқығыма залал келтірген мекеме басшысы тәртіп шара көріп, кейін көп ұзамай жұмыстан босатылды.

-Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасында журналистика қандай бағытта даму керек? Оған не жеткіліксіз?

– Бұл мәселені біз әр түрлі жиналыстарда, семинарларда , бас редакторлар жиналған кезде талқылаймыз. Ескі көзқараста қарайтын журналисттер де бар. Мысалы, Қызылордада мен жас журналисттерге дәріс беремін. Жалпы, осы айтып отырған құқық мәселесі, сонымен қатар қазір жанрлармен шатасып кеттік. Әрине, дегенмен әр жанрдың өз ерекшелігі бар, өзіндік тілі, стилистикасы болады ғой. Осыдан шатаспаса екен деймін. Қазақ журналистикасында әрине журналистік зерттеу арқылы қозғаушы күш болу керек. Журналисттер ақпаратты тереңнен білу керек, сосын тіл білу мәселесі де бар. Сол бағытта қазір жұмыстар өткізіліп жатыр. Қоғамда журналисттің рөлі қандай, оның имиджін көтеру керек.

 
0
0
2598