Кыдыр Харесұлы, главный редактор газеты «Жастық Үні», о состоянии отечественной журналистики
МНЕНИЕ // Абдырахманов Кыдыр Харесұлы, Батыс Қазақстан облыстық «Жастық Үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық «Жастық Үні» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы #humanrights@misk_kz /// #равныеправаА19кз#equalityA19kz

- Журналистік зерттеу жанры қазақ баспасөзінде қаншалықты дамыған?
– Журналистік зерттеу үлкен ізденісті талап ететін тақырып, бағдарлама былай қарағанда. Қазір бір тақырыпты тауып алып, соны жылдамдатып, бүгін ертен көрсетем деу далбасалық. Сондықтан бізде журналистік зерттеу қазір телеарналардан жақсы көрсетіліп жатыр, бірақ әлі жаңару керек, әлде де қалыптасу керек деп ойлаймын.
- Сіз журналистік зерттеу істеп көргенсіз бе?
– Менің негізгі кәсібім газетте жұмыс істеу болғандықтан, журналистік зерттеу деп қарамай, алған материалды зерттеп, мүмкіндігінше оқырманның көзіне, көңіліне қонымды болсын деп ізденем. Бізде журналистік зерттеу мәселесі ешқашан қалыс қалмайды. Болашақта өзіміздің газет саласындағы бір жанры болып қала береді.
- Сіз қай тақырыпты зерттегіңіз келіп жүр?
– Зерттеуге тұратын бір тақырып болатын болса сол тақырыпты зерттейтін едім. Қай сала болса да - жастар мәселесі болсын, қылмыстық мәселелері болсын, зерттеу керек жағдайда, мәселе жаңып тұрған жағдайда соны қорғауға, сол салада ізденіп, заң тармақтарын атқарып, оған байланысты жұмыстарды қарап, бәрін жақсылап тұрып зерттеуге тырысамын. Бұл біздің міндетіміз деп есептеймін.
-Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасында журналистика қандай бағытта даму керек? Оған не жеткіліксіз?
– Жетіспейтін нәрселерді іздейтін болсақ, олар өте көп. Еркіндік жетіспейді әлде де, біз енді демократиялық мемлекетпіз, ойымызды ашық айта аламыз дейміз. Бірақ, оның бәрі бар, шүкір, жеке тәуелсіз басылымдарды ашып, ауылдық жерден ашып, оған оқырман тартып, соларға газет оқуға жол ашып отырғанымыздың өзі еркіндік деп ойлаймын. Жалпы, негізгі біздің Президентіміздің саясаты дұрыс, осы саясатты әрі қарай апару, оны жандандыру, оны халықпен байланысын нығайту осы журналист ағайындардың еңбегі, қызметі деп білемін.
