Семантикалық сөзжасам парадигмасы
Бір түбір арқылы пайда болған туынды сөздердің мағынасы бір- бірінен бөлек бола алмайды, бір-бірімен сабақтасып, уәжділік қағидатына негізделіп жасалады. Мұның өзі семантикалық сөзжасам табиғатының омоним ұғымымен шектесе алмайтынын көрсетеді. Сөз мағынасының конверсиялық жолмен жаңа доминант мағынаға өтуі аз уақыт мөлшерінде іске асатын құбылыс емес. Тілдегі табиғи даму нәтижесінде, яғни сөздің қызметі өзгеруі арқылы болатын транспозиция құбылысына сәйкес бірте-бірте орындалатын күрделі де терең үдеріс. Транспозициялық құбылыстар –субстантивтену (заттану), адвербиаландану (үстеулену), адъективтену (сын-сапалану), вербалдану (етістіктену), прономиналдану (есімдіктену) арқылы сөз мағынасының сөйлемдегі қызметіне сай өзгеруіне тікелей байланысты. Транспозициялық құбылыстар контексте толық м…