Атырау газетінің мақалалары
ИНВЕСТОРЛАРМЕН БІРЛЕСУ ИГІЛІККЕ БАСТАЙДЫ Мерзімі: 6 ақпан 2010 · 1 пікір бар Облыс әкімі осы мәселеге баса назар аударды Облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек БӘЙІМБЕТОВТІҢ қатысуымен Исатай ауданының әкімі Зұлбұхар СҮЙНЕШЕВ өткен жылдың қорытындысы мен биылға белгілеген межелер туралы халық алдында есебін берді. Осы уақытта барлық меншік түріндегі өндірістік кәсіпорындар бойынша 67,9 млрд. теңгенің өнімі алынды. Аудан аумағындағы мұнайшылар 1 млн. 159,6 мың тонна мұнай мен 20,1 млн. текше метр ілеспе газ өндірді. Өндірісті одан әрі дамыту үшін 1 млрд. 305 млн. теңге инвестиция салынды. Аққыстаудағы «Әдемі үй-Кірпіш зауыты» кәсіпорны қайтадан іске қосылып, 700 мың данадан астам керамикалық тас шығарылды. Аққыстау темір жол стансасында…