Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұнайлы өлке мұңаймайды

Биыл Мақат ауданына қарасты Комсомол, Қошқар, Бекбике ауылдарын толықтай көшіруді аяқтауға күш салынатын болды. Бұл жөнінде кеше Атырау облысы әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ-ы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қою кезінде аймақ басшысы Бергей Рысқалиев мәлімдеді.
Маңызды құжатқа қол қою барысында белгілі болғанындай, «ҚазМұнайГаз» тарапынан бөлінген 420 млн. теңге Мақат, Қызылқоға, Жылыой және Махамбет аудандарының әлеуметтік жобаларына жұмсалмақ. Аймақ басшысының сөзімен нақтылағанда, бұл қаржы Мақат ауданының үш ауылын көшіруге, Миялыдан денешынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызуға, Махамбет ауданына қарасты елді мекендерден балалар ойын алаңын салуға және өзге де күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қайта жаңартуға жұмсалмақ. Ал, «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ-ның Бас директоры Кенжебек Ибрашев бұдан бөлек келісімшарттық міндеттеме аясында 2010-2014 жылдар аралығында Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жылына 278 млн. теңге бөлінетіндігін, бұл қаржы Исатай ауданындағы Аққыстау-Балғымбаев автожолын жөндеуге, Мақат поселкесінде сумен қамту нысандарын тұрғызуға, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында 140 орындық балабақшаның және Мұқыр ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысына жұмсалатындығын атап өтті. Сондай-ақ, егер үш ауылды көшіруге бөлінген ақша аздық етер болса, қосымша қаражат қаралатынын мәлімдеді.
Шыны керек, мұнай өндіру көлемі жағынан қазақстандық «үштікке» енетін «ҚазМұнайГаз» – әлеуметтік жауапкершілігін жете сезінетін бірден-бір компания. Өйткені, 2005 жылдан бері түрлі меморандумға қол қою негізінде бұл компания Атырау облысының көптеген әлеуметтік мәселелерінің оңтайлы шешілуіне септігін тигізді. Бұл сөзімізге Доссор кентіндегі қайта жаңарған денешынықтыру-сауықтыру ғимараты мен Кенбай вахталық поселкесінен салынған спорт кешені және басқа да тұрғындар игілігіне айналған обьектілер дәлел бола алады. Алтын орда http://www.altyn-orda.com/?p=330

0
0
1388

Осы тақырып бойынша

Мұнайлы өлке мұңаймайды - Yvision.kz