Өзбекстанға саяxат
Өзбекстанға барлығы 90000 тенге отельдерде қону мен төрт рет пойызбен қалаларда саяхаттауға кетті. Біздің жолымыз Ташкентке ұшып келумен басталды, кейін Ташкенттен Бухараға түнгі пойызбен барып, сол қалада екі күн өткіздік. Бухара қаласы, шынымды айтқанда, Өзбекстандағы үш қаланың ішіндегі ең қызығы сол болды. Бұхарадағы 14,15,16 ғасырлардан қалған медреселер мен мешіттердің архитектурасы таңқалдырарлық. Сол шаһардың тұрғындарының төзімділігі, еңбекқорлығы, адамгершілігі мені сол қаланы және бүкіл Өзбекстанды құрметтеуіме үлкен септігін алып келді. Осы қалада шын мәнінде шебер адамдардың бар екенін және бұндай адамдар тек «Шахирезада», «Мың бір түн» кітаптарында, тарихта қалып қойған емес, дәл мына жерде, менің жанымда өмір кешетінін көрдім. Сол кітаптарда шығыстың саудагерлері, қарақшыла…