ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Өзбекстанға саяxат

Өзбекстанға барлығы 90000 тенге отельдерде қону мен төрт рет пойызбен қалаларда саяхаттауға кетті. Біздің жолымыз Ташкентке ұшып келумен басталды, кейін Ташкенттен Бухараға түнгі пойызбен барып, сол қалада екі күн өткіздік. Бухара қаласы, шынымды айтқанда, Өзбекстандағы үш қаланың ішіндегі ең қызығы сол болды.
Бұхарадағы 14,15,16 ғасырлардан қалған медреселер мен мешіттердің архитектурасы таңқалдырарлық. Сол шаһардың тұрғындарының төзімділігі, еңбекқорлығы, адамгершілігі мені сол қаланы және бүкіл Өзбекстанды құрметтеуіме үлкен септігін алып келді. Осы қалада шын мәнінде шебер адамдардың бар екенін және бұндай адамдар тек «Шахирезада», «Мың бір түн» кітаптарында, тарихта қалып қойған емес, дәл мына жерде, менің жанымда өмір кешетінін көрдім. Сол кітаптарда шығыстың саудагерлері, қарақшылары, сиқыршылары, суретшілері, қатал әмірлер, сұлу әйелдері, бәрі-бәрі менің кішкентай «Дүниежүзі тарихы» кітабымнан шығып, 2017 жылы, 21 ғасырда, технология мен бизнес заманында сиысып бақытты ғұмыр кешеді. Өмірдің өзгерісі оларды қобалжытпайды, олар өздерінің миниатюра суреттерінде анарды әдемі қызбен бірге салып қойып, жолдың бойында өткінші өмір мен кеткен келген жұртқа қарап сап-сары лимондарын балды шайымен орехті жеп отыра береді. Осылайша Бұхарадағы сатушыларды мен сол баяғы олардың ата-бабалары Жібек Жолында сатып отырғандай елестетемін, өзгерген тек адамдар мен заттар, ал сөйлесу мәнері, сату этикеті, ағаштан, алтын тастардан ою тактикасы сол күйде бүлінбей атадан балаға сақталып қалғандай көрінеді. Бұны өз көзіңізбен көріп, кешке жақын Бұхарлық сатушы атамен сөйлесіп отырып қана түсінсеңіз болады.
Осындай тыныштық, сабырлық атмосферасынан Самарканд қаласына барып, жан-жақтан шуылдаған адамдар, ақша сұраған қайыршылар, экскурсияларға айғайлап шақырған гидтарды көру және қайтадан шынайы ақшамен өлшенетін материалды әлемге өту қиынға соқты. Бірақ, Самарқандтың да жағымды жақтары болды, мысалы мен мұнда адамның жанының тазалығы, тәрбие, білім, ғылымды бұрыңғы замандарда қалай жоғары бағалағандығы байқалады. Әрбір біз аралаған медресерде ұл балаларды тегін және қатал тәртіппен білім берген. Бұл жерде айта кететін керемет құбылыс ол адамдардың сол кездегі құрылыстардың жасауындағы майда заттарға көңіл бөлуі. Мысалы, медреседе есіктерді аласа қылып жасаған, сонда оқушылар кіргенде иіліп сәлем беруді, құрмет пен этикетті ұмытпасын деп. Кейін олар қабырғаның сыртына түрлі хадистегі сөздерді жазған, сол кездегі мотивация сияқты ма білмеймін. Әрбір ойылып жасалған жұмыстың шеберлігіне, ал жұмысшылардың төзімділігіне таң қаласын. Медреседе тіпті еденнің өзін жасауында тәрбиелік мәні бар, жерді түзу емес қылып жасауы адамның әрдайым астыға қарап, жолына қарауды талап едет, бұндай қылудың себебі Шығыста Аллаxтың алдында түп-түзу болып шошаяып жүруге болмайды. Осанка деген мүлде жоқ. Сондағы 15 ғасырдан бері
"Өз халқының қамын жеп,
Қайрат қылмас кісіні,-
Атамаңыз адам деп,
Ұқсаса да мүсіні" Алишер Науаи
деп айтып кеткен xалықтан бұдан кем тәрбие мен ғылым күтпегенмін де. #Узбекистан #Путешествие #КазахскийЯзык #Статьянаказахском #саяхат #ҚазақшаКеңес