Отаншылдық рух – Алаш қазынасы
Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың ұрпағы, біздердің бостандық, тәуелсіздік ұғымдарын терең қадірлеуіміз бен халқымыздың ұлт-азаттық күресін ғасырлар қойнауында қалдырмауымыз үшін ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, тарихи мұрамызды зерттеп насихаттауымыз міндетті. Себебі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында халқымыз бастан кешірген әр түрлі кезеңдердегі ұлт-азаттық қозғалысының маңызын арттыра түсіріп, еркіндіктің ауыр тарихи сындар арқылы келгендігін жастардың арасында кеңінен айтылуы маңызды. Біз үшін, яғни жас ұрпақ үшін мұрат етілген тек бір ғана қызмет бар. Бұл – тәуелсіздікті қорғау, оның шаңырағын биіктету және шайқалтпау. Ұлттық намысқа ие болу және білім-ғылымды игеру осыған жетудің амалы. Ұлттық намыстың үлгі-өнегесін Алаш қозғалысының қайраткерлері көрсетті десек…