Италия Президенті «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің табысты өтетіндігіне сенім білдірді
Италияда «EXPO MILANO-2015» Дүниежүзілік көрмесі жабылуының ресми рәсімінде ЭКСПО жалауын Қазақстан Республикасына салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл туралы «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлайды. Жалауды тапсыру ресми рәсімінің барысында «Астана «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 Бас комиссары Рәпіл Жошыбаев ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес пен ЭКСПО-2015 көрмесінің Бас комиссары Бруно Паскуинодан ЭКСПО жалауын қабылдады. Миланда өткізілген «ЭКСПО-2015» дүниежүзілік көрмесі көрмелерді өткізу тарихындағы ең табыстылардың бірі болып танылды, оған шамамен 21 млн. келуші келген. Аталған көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Тақырып пен контентті ең үздік ашу» аталымында үздік павильондардың үшті…