«Жастар кадрлық резерві — 2013» жобасы
«Жастар кадрлық резерві – 2013» жобасы 2013 жылдың қараша айының 1 және 4 аралығында Ақмола облысында «Жастар кадрлық резерві - 2013» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бірінші білім беру модулі өткізілуде. 2013 жылдың 25 қыркүйегімен 5 қазан аралығында еліміздің барлық аймақтарында өткізілген сұхбаттасу қорытындылары бойынша 345 үміткерден 65 қатысушы таңдалып алынды. Бірінші білім беру модуліне қатысу үшін іріктелген қатысушыларға жеке жоба дайындау қажет болатын, жобаны ұсыну және қорғау 1 қарашаға белгіленген. Бірінші білім беру модулі бағдарламасының аясында қатысушыларға ынталандыру, өмірді стратегиялық жоспарлау, жетістікке жету жолдарын басқару, өнімді инновациялық белсенділікті арттыру, функционалды презентация дағдыларына үйрету, ой-өрісті дамыту және с…