«Жастар кадрлық резерві — 2013» жобасы
«Жастар кадрлық резерві – 2013» жобасы

2013 жылдың қараша айының 1 және 4 аралығында Ақмола облысында «Жастар кадрлық резерві - 2013» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бірінші білім беру модулі өткізілуде.
2013 жылдың 25 қыркүйегімен 5 қазан аралығында еліміздің барлық аймақтарында өткізілген сұхбаттасу қорытындылары бойынша 345 үміткерден 65 қатысушы таңдалып алынды.
Бірінші білім беру модуліне қатысу үшін іріктелген қатысушыларға жеке жоба дайындау қажет болатын, жобаны ұсыну және қорғау 1 қарашаға белгіленген.
Бірінші білім беру модулі бағдарламасының аясында қатысушыларға ынталандыру, өмірді стратегиялық жоспарлау, жетістікке жету жолдарын басқару, өнімді инновациялық белсенділікті арттыру, функционалды презентация дағдыларына үйрету, ой-өрісті дамыту және сынап талдау салаларына арналған семинар сабақтары өткізілетін болады. Сонымен қатар, қатысушыларды тестілеуден өткізіп, жүзеге асыруда тәжірибелік мәні бар жеке жобаларды қорғау жүргізіледі.
Семинар сабағын Ресей Федерациясында ынталандыру және мақсаттарды жоспарлау саласындағы жетекші мамандардың бірі, жаттықтырушы Татьяна Погосова өткізеді. Ол 500 астам жеке жетістіктер тақырыбына арналған тренингтер сондай-ақ, корпоративтік теренингтер өткізген. Жаттықтырушыларды дайындайтын арнайы бағдарламалар жасап, ондаған жаттықтырушыларды дайындаған. Оның тренингтеріне 25000 астам адам қатысқан.
Бірінші білім беру модулінің қорытындысы бойынша 32 лайықты қатысушы жобаның келесі деңгейіне шақырылатын болады.

Жастар кадрлық резерві бұл – қызметтік өсуге ынталанған, кәсіптік дағдылары және басқару біліктіліктері жоғары мамандардың республикалық деректер базасы. Жоба отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарын аяқтаған 29 жасқа дейінгі аналитикалық ойлау қабілеті жоғары және көшбасшылық құндылықтары айқын жас азаматтарды оқытуға бағытталған.
Жоба жайлы толық ақпаратты 8 71 72 707 716 телефон нөмірі бойынша немесе zhasotan.kz сайтынан алуға болады.
