Осылай жасап көріңдерші достарым?!
Кеше қызық болды. Сол жағалаудағы Apple town-ның ауласында 4-5 бала шүлдірлеп орысша сөйлесіп, доп тебісіп жүрген. Жанынан өте берген ағайымыз «Әй, балалар, қазақша сөйлесіңдер» дей берген ед, аналардың біреуі «агай, он дунган, не понимает по казахский» демесі бар ма. Сонда ағамыз да саспастан «Дүнген қайдан жүр-ей мұнда, оған қазақша үйретіндер» деп кете берді. Байқасам,әрі қарай тарқасқан балалар қазақша сөйлесіп жүре берді. Айтқанын екі еткізбеген ана ағайға ішім жылып қалды. Негізі бар ғой, бар бәле өзімізден, біз талап етсек қазақшамыздың да қанаты қатайып, өз тілімізді ардақтайтындар саны артады. Әуелі өзіміз бастап, дүкенде, кинода, дәріханада қазақша жауап беруді талап етсек, соған сай жауабын да аламыз. Бұрындары БАқ қазақ тілін үйрететін бағдарламалар көп еді,қазір жоқтың қасы.…