Мазмұнға өту
ERKANAT_NAIMAN

ERKANAT_NAIMAN

Сайтта 2016 ж. 11 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

103

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Бар мәселе салмақта

Головкинмен ешкімнің бокстасқысы келмейді, бірақ Гена да одан жоғары салмаққа ауысуға асығар емес. Аты аңызға айналған әйгілі боксшы Хулио Сезар Чавес Геннадий Голвкиннің британдық Келл Брукпен боксына қатысты осындай пікір блідіріпті. Бұл Мексика боксының аңызына айналған Чавестің пікірі. Ол сондай-ақ Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің жепе-жегіне қатысты да өз  ойын айтыпты. Оның сөзінше бар мәселе салмақта. Алайда салмақтарын бір ретке келтіргенше күтіп жүре беретін болса, Гена қартайып кетеді дегенді айтыпты. Менің бұған қосарым, Гена қартайып кететіндей тоқсандағы шал емес. Қанша қартайса да кез-келген қарсыласын сындыруға дайын. Кезекті бокс  осы аптада Лондонда өтеді. Қазспорт пен Қазақстан телеарнасының эфирін жіберіп алмаңыздар!

0
0
282

Генаның жеке өмірі туралы аз кем-ақпарат.

Генаның жеке өмірі туралы аз кем-ақпарат.  Қарапайым отбасыдан шахтер отбасында тәрбиеленген.  Геннадидің әкесі «Қазақстанның көмір өндірісінің үздігі» медалін алған атақты шахтер екен. 2014 жылы 69 жасына қараған шағында дүниеден озыпты.  Айтпақшы, Гена әлі күнге дейін әкесінің құрметіне бокстасып жүр. Шешесі де сол көмір өндірісіндегі зертханалардың бірінде  химик болып істеген, көзі тірі. Ал Максим деген егіз інісі Генамен үнемі бірге. Олда атақты боксшы екен. Тіпті кезінде Қазақстан чемпионы болған екен. Міне осындай қарапайым отбасыдан шыққан батыр бала. Жарайсың, Гена!

0
0
385

Генаның боксын көреміз деп Құрбан айтты ұмытпайық!

Генаның боксын көреміз деп Құрбан айттың қасиетті намазына, бір-бірімізге айттауға ұйықтап қалмайық,ағайын! Рас, күлетін нәрсе емес, эфир 10 қыркүйек күні 23-00 де болғанымен, Гена мен Келл Брук жекпе-жегі сәл кейіндеу шығуы мүмкін. Өйткені әдеттегідей бірнеше жекпе-жек болады. Сондықтан спорттың аты спорт. Бірақ жүрек азығы,рухани байлықты ұмытпайық. Мен өз басым екеуіне де үлгерем. Әуелі Алла,сосын басқа дүние. Спортты да көремін, Құрбан айтқа да қатысамын.

0
0
326

Гена спортта онсызда батыр ғой, енді экономикадағы батыр атанды.

Геннадий Головкин Қазақстан экономикасына қаржы құяды. Құйғанда өзінің кәсіби бокстан тапқан қаржысы. Мәне азамат, кейбір пысықайлар елден, халықтан тапқан ақшасын шете ел асырып жатқанда сырттан тапқан қаржысын бізге әкелгені батырлық. Гена спортта онсызда батыр ғой, енді экономикадағы батыр атанды. Бұл кез-келгеннің қолынана келе бермейтін шаура. Қарағандыда көмірде терең өңдеу технологиясына қаржы құймақ. Бір сұқбатында президент барлығын ұрып-жығып,елге орал деген сөзінен кейін осындай шешім қабылдадым деген екен. Ал президент өзгелерге шет елдегі тыққан-пыққан қаржыларыңыды алып келіңдер деп айтқаны қай заман. Бірақ кейбір пысықайлар бұған пысқырып та қарамай жүр.

0
0
303

Геннадий Головкин әлемдегі ең бай боксшылардың қатарында

Геннадий Головкин әлемдегі ең бай боксшылардың қатарында. Қатарында емес екінші орында. Жұрттың ақшасын санаған дұрыс емес негізі. Бірақ жұлдыздардың ақшасын барлығы санайды ғой. Бізде санап көрейік. Гена өз мәнсабында бірде бір рет ұтылып көрмеген, кәсіби бокспен 2006 жылдан бері айналысып келеді. Яғни ақша жағынан миллиардер болмаса да доллорлы миллионер. Өткенде өзі  туып өскен өңір қарағанды облысына инвестиция салатынын да мәлімдепті. Өнері өрге жүзіп, қалтасы томпая берсін. Алға Гена, Алға Қазақстан, Алға Қазспорт!

0
0
236

Кім біледі мүмкін қорыққан шығар.

Негізі бастапқыда Гена  Юбенк деген боксшы жігітпен Лонданда жекпе-жек өткізуі керек екен. Алайда Юбенктің промоутерлері келісімге қол қоюға созбалақатап жүріп алыпты. Кім біледі мүмкін қорыққан шығар. Ал Бруктың көмекшілері бір «звонокпен» бәріне келісіп, қол қойып үлгеріпті. Осы келісімге қол қоймағанда Келл Брук Джесси Варгаспен кезедесетін еді, ал Гена болса Юбенкпен кездесетін еді. Спорт қой енді амал қанша? Бірақ Гена кез-келгенін қырып салуға дайын шығар. Кезегті жойқын бокс келесі аптада өтеді, Қазспорт пен Қазақстан телеарналары көрсетеді.

0
0
293

Алдына келген боксшысын қалпақпен қағып алып жатыр.

Геннадий Головкиннің алдағы аптада өтетін жекпе-жегіне билеттер сатылымға түскеннен кейін небәрі 12 минуттың ішінде сатылып кеткен. Недеген көзі тірі аңыз адам еді. Бокс қолғабы қазақстанда 8 миллионға сатылып жатыр, билеттері санаулы минуттарда сатылып жатыр. Алдына келген боксшысын қалпақпен қағып алып жатыр. Арасында ауылына келіп кетеді. рекламаға түсіп, велошерулерге де қатысады. 10 қыркүйек күні 23 00 де Қазспорттан тағы бір жекпе-жегін көреміз, оны ұтса тағы табысы көбееді. Мәне өмір, біздіке не күнді бір өмір. Жұмыс үй жұмыс үй. Менде Генадай болам әкес.

0
0
214

Астанада өтсе, 20 000 емес 40-50 мың адам жиналар ма еді?!

Гена мен Брук жекпе-жегі Bleacher Report басылымының рейтингісі бойынша қыркүйектегі ең үздің бокстардың қатарына кірді. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және  IBF нұсқаларында әлем чемпионы Геннадий Головкинмен британдық Келл Брук боксы Лондондағы 20 мыңдық алаңды толтырады деп жоспаралануда. Лондонға бара алмасақ-та боксты Қазспорттан көреміз енді.  Астанада өтсе, 20 мың емес 40-50 мың адам жиналар ма еді?! Бірақ әлемдік деңгейдегі спорттың барлық түрінен кездесулер өтетін Лондон секілді алып қалаларда 20 мыңдық стадион жинау тек спортшының емес, әншілердің же арманы. Ал Гена сол арманды орындай алды. Қарапайым Қарағандының тумасы 34 жасында осындай жетістіккке жетті, ал сіз ше?

0
0
397

Келл Брук көп болса 5-6 раундқа қана шыдайды

Былтыр Геннадий Головкиннен жеңіліп қалған британдық боксшы Ммартин Мюррей  гена мен Келл Бруктың жекпе-жегіне қарсы пікір білдіріпті. Онда ол Келл үшін бұл жекпе-жек үлкен қадам, ал Гена әу бастан басқа деңгейде деген сыңай танытыпты.Сондай-ақ ол Келл көп болса 5-6 раундқа қана шыдайды,-деген пікрі айтыпты. Несі бар таяқ жеген бала жұдырықтың күшін біледі деуші ма еді.? Не де болса расын айтыпты. Айтпақшы сол Мартиніміз былтыр Монакодағы бокста Генадан 11 раунда жеңілген. Ол Генанығ ең ұзаққа шыдаған қарсыласы деген айдарлы атақ тақты.

0
0
263

Форбстің тізіміне ілінген спортшылардың қай -қай қайсысы да осал емес

Forbes журналының сайтыкоммерциялық тұрғыда ең табысты pound-for-pound боксшылардың рейтингін түзіпті. Спискідегі бірінші орында Сауль Альвареске бұйырыпты. Біздің Геннадий екінші орында. Гена бұған дейін үшінші орында еді. Ал үшінші орында Тайсон Фьюри (Майк Тайсон деп ойлап қалмаңыз.) мен Владимир Кличко. Дегенмен Геннадий Головкин алдағы Келл Брукпен шайқаста жеңіске жетсе, қомақты қаржы  алып бірінші орынға шығады. Ал ол жеңіске жететініне ешкім шүбә келтіріп жатқан жоқ. Бұл бокс алдағы аптада өтеді, оны Қазспорт пен Қазақстан телеарнасы көрсетеді. Форбстің тізіміне ілінген спортшылардың қай қай қайсысы да осал емес, бірақ Гена бір төбе!

4. Андре Уорд
5. Сергей Ковалев
6. Деонтей Уайлдер
7. Кит Турман
8. Теренс Кроуфорд
9. Эррол Спенс
10. Флойд Мейвезер. 

0
0
338