#5years_story Тиімді мүмкіндік
Соңғы бес жыл ішінде маған интернет не берді деп ойланатын болсам, бүгінде интернетсіз жұмыста күн өткізе алмайтыным еске түседі. Есімде кейде жұмыста, немесе үйде интернет өшіп қалған кездері (ақшасы уақытында төленбей қалған кезде) жаңалықтардан жұрдай болып, елде не болып жатқанынан тек бірең-сараң телевизор жаңалықтары арқылы ғана білетін болдым. Ал мамандығымыз журналист болғандықтан, бүгінде бізге интернетсіз күн жоқ. Ақпарат ағымынан қалып қоймау үшін, жаһанда болып жатқан оқиғалар жөнінде хабардар болуымыз тиіс. Мұны бір десеңіз, екіншіден қазіргі агент, в контакте сияқты әлеуметтік желілер арқылы ағайын-туыстармен, дос-жарандармен байланысу оңайдың оңайы болды. Әрі өте тиімді екенін де ескерген жөн. Телефон арқылы алыс-жақындағы, тіпті шетелдегі туған-туыстармен жүздесіп, сөйлесі…