Семейде қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының ашылуы өтті
Салтанатты іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және күш құрылымдарының басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылды.
Лентасын кесіп, Семей қ. ІІБ ЖБО ашу құрметі ішкі істер органдары ардагері Майдан Аманжолов пен ШҚО әкімінің орынбасары Ерлан Текешовке берілді.

«Еліміз егемендік алғанға дейін біздің басты жұмыс құралдарымыз қалам мен қағаз болатын. 1993 жылы жергілкті полиция жұмысымен танысуға АҚШ-қа барғанда бізге осындай жүйенің жұмысын көрсеткен болатын. Әріптестерімізбен осындай жүйе бізге, кемінде, 50 жылдан кейін жетер деп ойлағанбыз. Алайда, біз оған әлдеқайда ерт қол жеткіздік. Бүгін полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылыққа қарсы күресте сенімді көмекшісі бар», - деп өз ойымен бөліністі отставкадағы милиция генерал-майоры Майдан Аманжолов.
Семей қаласында Жедел басқару орталығының (ЖБО) құрылысы кезінде Алматы, Астана қалаларының және басқа да облыс орталықтарының тәжірибесі ескерілді. ЖБО ерекшелігі полиция күштерін біріктіріп қана қоймай, басқа да мүдделі қызметтерді, атап айтқанда ТЖ бөлімшелерін, «жедел жәрдем» қызметін, әртүрлі авариялық-диспетчерлік қызметті біріктіруге қабілетті. Яғни, ол Семей қаласынның бірыңғай жедел басқару органы бола алады.
ЖБО-ның қадағалау міндеті - полиция қызметінің барлық жерде үлгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында құқық қорғау органдарына қылмыспен күресті, қоғамдық тәртіпті күзетуді, «Нөлдік төзімділік» принципін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылған. Ұсақ құқық бұзушылық жағдайына төзбеу атмосферасы жалпы қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. ЖБО қызметі қылмыстық жағдайға оң әсерін тигізеді, олардың негізгі міндеттері: азаматтардың оқиғалар туралы хабарламаларына жедел ден қою, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде полиция күштерін және құралдарын тиімді басқару», - деп айтты өз сөзінде ШҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Жанарбек Бақтыбаев.
Қазіргі кезеңде Семей қ. ЖБО бейнебақылау жүйесі ауа райының кез-келген құбылысына төзімді, оптикасы 20 есе үлкейтіп көрсететін 20 бейнекамерадан тұрады, олар халықтың тығыз жиналатын жерлерінде орналасқан. Келесі жылы 20 бейнекамера орнату жоспарланған. Орталықтың орнатылған аппараттық-бағдарламалық заманауи кешені бейнебақылау жүйесін 400 бейнекамераға дейін кеңейте алады.
Бұл Семей қаласының барлық қоғамдық орындары мен криминогенді аудандарын бейнебақылаумен қамтуды және полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз етеді. Қаланың ең проблемалық учаскелер тәулік бойы бақыланады.
Жедел басқару орталығының жұмысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің тиімділігін арттырауға, оның ішінде көшелерде, қоғамдық орындарда полицияның кешенді күштерінің қылмысқа, сонымен қатар азаматтардың қылмыс туралы хабарламаларына жедел ден қоюына бағытталған.
Семей қ. ІІб ЖБО штатында барлығы 32 адам, оның ішінде 6 қызметкер тәулік бойы кезекшілік етеді.

Жұмыс істеп жатқан ЖБО-ның тәжірибесі көрсеткендей, осы жүйе өте тиімді, өйткені бейнебақылау – қоғамдық тәртіпті тәулік бойы күзетуге қатысатын ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының үйлестірушісі. Ішкі істер органдарының негізгі міндеттерін, яғни жасалған қылмыс үшін жазаға тартылуын қамтамасыз етуде, жедел жағдайда жұмысын жүзеге асыруда бейнебақылаудың болғаны елеулі әсер тигізеді, бейнебақылау көмегімен жасалған қылмыстар есепке алынып, сақталады.
Тиімді басқару үшін Орталыққа жол-патруль полициясы қосылған. Бұл ден қою процессін анағұрлым тиімді басқаруға және ұтқыр болуға мүмкіндік береді. Әрбір жұмыс орны компьютермен, телефонмен және радиобайланыспен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда жедел басқару орталықтары еліміздің барлық облыс орталықтарында жұмыс істеп жатыр. ШҚО бірінші орталық Өскемен қаласында 2004 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді және өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Полицейлердің айтуы бойынша, бейнебақылау камераларының қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасында да маңызы зор.
«Облыстағы жұмыс істеп тұрған Жедел басқару орталығының тәжірибесі бойынша камералар орнатылған жерлерде құқық бұзушылық анағұрлым азайды. Егер қылмыс орын алып жатса да, оларды ашу пайызы жоғарырақ. Ағымдағы жылдың басынан сыртқы бақылау камераларының көмегімен облыс орталығында 7000 аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 4,5 мыңы жол жүру ережесін бұзғаны, 1800 ішімдікке қарсы заңнаманы бұзғаны үшін және 800 ұсақ бұзақылық жасағаны үшін. Бейнекамералар көмегімен «Ізін суытпай ашу бойынша» 100-ден аса қылмыс ашылды», - дейді ШҚО ІІД Жедел жоспарлау басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахметолла Исаев
Бүгінгі күні ІІД Өскемен қаласы ІІБ жедел басқару орталығының сыртқы бақылау жүйесінде 97 стационарлық бейнекамера бар, оның ішінде 17 қоғамдық орындарда (базарлар, алаңдар, сауда үйлері), 38 көше қиылыстарында, 4 қалаға шығатын және кіретін орындарда, 14 әкімшілік ғимараттар аумағында орналасқан. Бейнебақылау жүйесі Зырян, Риддер, Аягөз, Шемонаиха аудандарында да жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, келесі жылдың басында Риддер қаласында ЖБО ашу жоспарланып отыр.
ҚР Ішкі істер министрлігімен 27 моноқалада және 8 күрделі криминалдық жағдайлары күрделі қалада ЖБО салу мәселесін пысықтауда.
Бейнебақылау жүйесін ары қарай дамыту - қылмыспен күресудің жаңа деңгейіне және қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл соңында халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыратын болады.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі
