ПМУ студенті жеңімпаз атанды
Бүгін, 16 наурыз күні Алматы қаласында «Сенің дауысың-сенің болашағың» атты республикалық постерлер байқауының қорытындылары шығарылды. Павлодар, Ақтау, Алматы және Астана қалаларының қатысушылары жеңімпаз атанды.
Біздің облысымыздың атынан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекет университетінің студенті Қасен Үмітжан жеңімпаз атанып, үшінші орынды иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, постерлер байқауы 17 ақпан күні басталған болатын.Оған Павлодар облысынан 130–дан аса жұмыс жіберіліп үлгерілді. Байқаудың негізгі мақсаты –дарынды және жасампаз қазақстандықтарды 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына шақыратын ынталандыратын постерлер дайындауға тарту болды.
Павлодар облысының жастар саясаты
мәселелері жөніндегі басқармасы.


