Қашанда «Nur Otan» игі істердің басынан табылып, елге қажетті бастамаларды тынымсыз атқара бермек
Түгел түркі тәу етер көне қала жаңа мәртебеге ие болғаннан кейін құрылыс қарқынды жүріп, қысқа уақытта шаһар келбеті қайта түледі. Зәулім ғимараттар мен заманауи әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтерді.Солардың бірі – қасиетті қалада Елбасының қолдауымен салынып, пайдалануға берілген Түркістан музыкалық драма театры. Бұл мәдени нысанның ашылу рәсіміне Тұңғыш Президенттің өзі арнайы қатысып, театр ұжымымен кездескен болатын.Оңтүстік өңірге жұмыс сапары барысында осынау өнер ордасына барып, театр шымылдығын тұңғыш ашып отырған белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтің пьесасына қойылған «Бөрте» спектаклін тамашаладым. Көрермендер қатарында республикамыздың белгілі зиялылары, мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ өңірдің кәсіпкер меценаттары түгелдей дерлік болды.Қойылымға арқау болып отыр…