Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тарих--тағылым--тәуелсіздік!

"Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан". Міне, 13 қыркүйек күні Тәуелсіздік сарайында осындай тақырып аясында алашордалықтар халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізген болатын. Аталмыш шара Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған еді.

Жиынның модераторы - "Нұр Отан" ХДП хатшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Ерлан Карин мырзаны көріп отырған да шығармыз.

Конференцияға "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысы тақарыбын және еліміздің тарихын зерттеп жүрген отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Оның ішінде шетелдік қонақтар - Жапондық Хоккайдо университетінің профессоры Томохико Уяма. Алғы сөзін қазақша бастағаны баршаны қуантқан жан осы болар. :))

Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының ғылыми қызметкері, Орталық Азия (АҚШ) сарапшысы Марта Бриль Олкотт ханым да Alikhan Bukeikhan туралы баяндама оқып өз пікірімен бөліскен-ді.

Ресейден де келген тағы қонақтарымыз бар екенін ұмытпайық. Олардың бірі қоғамдық ғылымдарды зерттеген, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Аманжолова ресейлік қандастарымыздың салемін жолдап, тақырып бойынша біраз қызықты деректер келтірді.

Жиналған қауым да баяндамаларды зор зейінмен тындап, айтылған деректерді құптап отырған көрінеді.

Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған шара аясында 7 томдық "Әлихан Бөкейхан шығармаларының толық жинағы - Полное собрание сочинений" атты кітаптар жинағының тұсау кесері өтті.

Сонымен қатар, Ә.Бөкейхан мен  "Алаш" қозғалысындағы үзеңгілестерінің өмірі мен қызметі туралы мұрағат құжаттары, тарихи деректер мен жәдігерлер көрмесі де қарастырылған.

Міне, осы жайында Азаттық радиосының Прагадағы тілшісі, филология ғылымдарының кандидаты Сұлтан Хан Аққұлұлы біраз мағлұмат айтып,  баршаны кітаптар мазмұнымен таныстырған еді.

Конференциядан кейін жиналған БАҚ өкілдері толғандырған сауалдарын тікелей Ерлан Карин мырзаға қойған болатын.

Сұхбат барысында бұл конференцияның басты ұйымдастырушылары айқындалған. Олар: "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы, "Азаттық" радиосының қазақ редакциясы, "Абай.kz" порталы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті екені айтылды.

11
0
2075

Осы тақырып бойынша

Тарих--тағылым--тәуелсіздік! - Yvision.kz