ҚазҰУ – қазақ ғылымының қарашаңырағы
Кез келген мемлекеттің болашағының жарқын, келешегінің кемел болуы білім мен ғылымның салтанат құруымен тығыз байланысты. Біздің еліміз үшін де білім мен ғылым әрқашан экономиканың негізгі қозғаушы күші. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап ЖОО-лардан қаншама білікті, білімді мамандар түлеп ұшты. Бүгінде сол мамандардың барлығы да еліміздің әл-ауқатының артуы мен дамуы үшін ерінбей еңбек етіп, адал қызмет атқарып келеді. Еліміздегі жоғары білімді маман даярлайтын ең үздік ЖОО-лардың бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ұлттық университет қазақ үшін қастерлі, қасиетті «қарашаңырақ» деген статусқа ие. Көп жылдық тарихы бар бүгінгі ҚазҰУ – әлемдік рейтингтерде алдыңғы қатарлардан көрініп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда танымал болған заманауи білім ордасы. Әлемдік QS Wor…