«Астана күні» үміт отын жағады
Жыл сайын Астана күні құрметіне ұйымдастырылған концерттер билеттерінен түскен қаржы дәстүр бойынша қайырылымдылық шараларына жұмсалуда. Жиналған қаражат шұғыл ота жасауға зәру балаларды емдеуге жұмсалмақ. Астана күні мерекесіне арналған шаралардың кез-келгеніне билета алу арқылы отандастарымыз емге зәру балаларға көмектесетіні сөзсіз. Сатылған билеттерден түскен қаражатты қайырымдылық шараларына жұмсау жыл сайынғы дәстүрге айналды. Астана қалалық «Бәйтерек» корпоративті қайырымдылық қоры қазірдің өзінде емге және ота жасауға зәру балалардың тізімін жинақтауда. Жыл сайын Астана күнін мерекелеуге арналған шаралар билеттерінен түсетін қаржы артып келеді. Сәйкесінше, қаншама балалардың көкірегінде үміт отын жағуда. 2008 жылы түскен 7 миллион теңгеге жуық қаражатқа Астана әкімдігі «Қайсар» мү…