Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Астана күні» үміт отын жағады

Жыл сайын Астана күні құрметіне ұйымдастырылған концерттер билеттерінен түскен қаржы дәстүр бойынша қайырылымдылық шараларына жұмсалуда.

Жиналған қаражат шұғыл ота жасауға зәру балаларды емдеуге жұмсалмақ. Астана күні мерекесіне арналған шаралардың кез-келгеніне билета алу арқылы  отандастарымыз емге зәру балаларға көмектесетіні сөзсіз.  Сатылған билеттерден түскен қаражатты қайырымдылық шараларына жұмсау жыл сайынғы дәстүрге айналды. Астана қалалық «Бәйтерек» корпоративті қайырымдылық қоры қазірдің өзінде емге және ота жасауға зәру балалардың тізімін жинақтауда.

Жыл сайын Астана күнін мерекелеуге арналған шаралар билеттерінен түсетін қаржы артып келеді. Сәйкесінше, қаншама балалардың көкірегінде үміт отын жағуда.  2008 жылы түскен 7 миллион теңгеге жуық қаражатқа Астана әкімдігі «Қайсар» мүгедектерге арналған спорт мектебіне арнайы автокөлік пен 12 қоларба сатып алды.  2009 жылы операция жасау үшін 13 мың АҚШ доллары 5 жасар Максим Куликовқа берілді.  2011 жылы жиналған 11 млн.нан астам қаржы бірнеше баланың өмірін құтқарып қалды.

16-жастағы Құралай Бақыжанованың сол жақ ортан жілігінің остеосаркомы асқынып аяғын кеседі, кейін рак жасушалары өкпесіне өршіген және бас миына жету қаупі туындайды. Алайда уақытында Израиль клиникасында емделіп әрі кейін елімізде химиотерапия алған Құралайдың қазір жағдайы тұрақты, емдеу шараларын жалғастыруда. Болашағына да жоспар құрып отыр. Келесі жылы ол ҰБТ тапсырып, психолог мамандығын меңгерсем деген ойда. Оның анасы – үш баланы асырауда әрі мектепте ұстаздық етеді, қымбат емге анасының қауқары жетпес те еді.

8 жасар Александр Боцманның анасы Регина былтыр астана күні мерекесіне билет алғандарға алғыс айтудан жалыққан емес. Украинаның Трускавец қаласында емделген ұлының қазіргі жағдайы тұрақты. ДЦП диагнозы қойылған Саша қазір мектепке баруға дайындалуда әрі шахмат ойнап үйреніп жүр. Анасы – үй шаруасымен айналысып, әкесі – жүргізуші болған отбасы мұндай операцияға қомақты қаражат табуы екіталай еді.

Бұл тізімді жалғастыра беруге болады...

Халықтың Астана күніне арналған шараларға деген қызығушылығы жыл санап арта түскен және  көптеген отандастырымыз бен шетелдіктер Қазақстанның бас қаласын дәл осы күндері тамашалауға тырысады. Осы жолғы түскен қаражат әдеттегідей көммекке зәру балаларға жұмсалады.

 
0
0
434

Осы тақырып бойынша

«Астана күні» үміт отын жағады - Yvision.kz