Мемлекет және құқық теориясы
№1. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі Мемлекет пен құқық теориясы дегеніміз – қоғамның жалпы заңдылықтарын, құқықтық өмірді ұйымдастырудың принциптерін және теориясын анықтайтын, болжайтын белгілі бір жүйедегі қоғамтану ғылымы. Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары. Кез келген ғылымның өз пәні, өзі зерттейтін заңдылықтарының анықталған шеңбері болады. Зандылықтар дегеніміз – белгілі бір құбылыстардың маңызын білдіретін шынайы тұрақты қатынастар. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтары құрайды. Сонымен, өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет пен құқық теориясына мынандай сипат беруімізге болады: а) м…