АЖЫРАСУЛАР НЕГЕ ЖИіЛЕП КЕТТІ?
Кез-келген бойжеткен мен бозбала өмірде өз теңін тауып, бақытты отбасын құрғысы келеді. Екі жас үйленіп, шаңырақ көтеріп, қоғамымыздың толыққанды мүшесі болып жатыр. Алайда бас қосқан жастарымыз бір жыл толмай жатып түрлі себептермен ажырасып кетіп жатады. Өкінішті. Осы арада неге ажырасулар жиілеп кетті деген орынды сұрақ пайда болады. Үйленіп, шаңырақ көтеріп жатқан жастарымыздың қатары жыл санап көбейіп жатқаны бәрімізді қуантады. Олардың үлгілі отбасы болып кеткенін іштей тілеп отырамыз. Алайда көп ұзамай ажырасып жатқандары ішінді ашытады. Мемлекеттің өзі отбасыдан құралады емес пе? «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген мақал бекер айтылмаса керек. Қазіргі жаһандану қоғамында интернет үрдісі жүріп тұрған кез. Әлеуметтік желі арқылы танысып, үйленіп жатқан талай жұпты көр…