«Музей түні – 2026» тарих пен мәдениетті тоғыстырған ерекше кеш
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі дәстүрлі «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясын өткізді. Биылғы іс-шара «Әрқилы әлемді бір арнаға тоғыстырған музейлер» тақырыбымен ұйымдастырылып, келушілерге тарих пен мәдениетті жаңа форматта таныстырды.