Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Жексенбілік дастархан: Döner kebab

Бүгінгі жексенбілік асханамызда осы уақытқа дейін көпшілігіміздің сүйікті фаст-фудымызға айналып үлгерген "Döner kebab"-ты үй жағдайында жасау жолымен бөлісеміз. Ол үшін бізге не қажет: Лаваш Талғамыңызға қарай түрлі көкөністер (қияр, қызанақ, сәбіз, қырыққабат, пияз т.б.) Ет (тауық, қой, сиыр еті) Қуырылған картоп Дайын көкөністердің барлығын лавашқа кезекпен салып, ең үстінен майонез жүргізіп өтеміз. Артынан табаға қуырылған тауық етін майынан жақсылап сүзіп алып, лавашқа саламыз. Сөйтіп үстінен кетчуп жүргізіп өтеміз. Ең соңынан үстіне жіңішкелеп туралып, қуырылған картоп таяқшаларын саламыз. Қажет десеңіз, ащы аджика соусын қосып жіберуіңізге болады. Лавашқа барлық ингредиенттер салынып болғаннан кейін оны мұқият орап, микротолқынды пешке 1 минутқа салып қоямыз. Дөнер кебаб дайын! Аст…

8
4
9599

Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай-үйі

Бүгін мұражайлар күні Мұхтар Әуезов бұл үйде 1951-1961 жылдар аралығында тұрған. Жазушы қайтыс болғаннан кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оның тұрғын үйін мұражай ету туралы сол жылдың 10-тамызында Қаулы шығарады. 1963 жылы қарашаның 28-жұлдызында Мұхтар Әуезовтың әдеби-мемориалдық музей-үйі өзінің алғашқы келушілеріне есігін ашқан. Үйде жеті бөлме бар, оның төртеуі – бірінші қабатта, үшеуі – екінші қабатта. Үйдің жобасын сәулетші Г.Герасимов жасаған. Бұл қонақ бөлмеде Мұхтар Әуезов жанұя мүшелерімен кешқұрым түгел жиналып, теледидардан берілетін хабарлар көретін. Бөлмеде Мұхтар Әуезовпен ұзақ жылдар бойы достық қарым-қатынаста болған КСРО Халық суретшісі Орал Таңсықбаевтың «Көктөбеде», Қазақстанның халық суретшісі, еліміздің кәсіби бейнелеу өнері…

4
3
17650

Алматы көшелері: Үмбетбаев Әнуәрбек

«Екпіннің» бүгінгі «Алматы көшелеріне саяхат» айдарында Қазақ опера өнерінің негізін қалаушыларының бірі, Алматы қаласының тумасы Үмбетбаев Әнуәрбек Бейсембайұлының құрметіне аталған көше. Үмбетбаев көшесі Бостандық пен Алмалы аудандарында, Гагарин мен Жароков көшелерінің ортасында орналасқан. Бұрын «12-линия» деп аталған бұл көше 30-жылдары Есентай мен Қарасу өзендерінің аралығындағы аумақтың қалаға қосылуына байланысты қалыптасқан. Үмбетбаев көшесі Төле би көшесінен басталып солтүстіктен оңтүстікке қарай Бәсенов көшесіне дейін созылып жатыр. Ол Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Жандосов, Бәсенов көшелерін қиып өтеді. Үмбетбаев Әнуәрбек Бейсембайұлы 1914 жылдың 7 наурызында Алматы қаласында дүниеге келген. Музыкаға бала кезінен құмартқан Әнуәрбек жастайынан музыка са…

3
0
2377

Гастаға бұлшық ет өсіруге көмектескен 8 дерек

Қазнеттің үздік блогерлерінің бірі (Gastarbaiter нигімен белгілі), белсенді ерлерге арналған Beu.kz сайтының әкімшісі және де әуесқой бодибилдингтің қыр-сырын жетік меңгерген Асқар Базарбай жігіттерге арналған тән сымбатының өзіндік құпияларымен бөліскелі отыр. Адамдар да, олардың денелері де әртүрлі болғандықтан, көптеген факторлар әр кімнің денесіне әртүрлі әсер етеді. Сондықтан, әлдебіреулер ұқсап еш ғылыми жаңалықтар, жаңашыл ойларды алға тартпастан, орта есепті бастауыштарға арналған бәріне бірдей ортақ, және барлық әуесқой бодибилдерлер келісетін 8 жайтпен бөліскім келеді. Бұл баптардың барлығы менің жеке тәжірибемнен өткен, тексерілген кеңестер. Оларды бұлжытпай ұстану кез-келген бастауыш атлетке ешқандай сиқырлы дәрілердің көмегінсіз-ақ елеулі нәтиже беретініне сенімдімін. 1. Негі…

Саяхат: Кочин немесе шығыстың Венециясы

1 Барлықтарыңызға сәлем, бара-бара кезекті саяхаттану жазбамызға да келдік, бұл жолы Үндістанның көркем Керала штатының Кочин қаласына барған саяхатымды фото баяндама түрінде назарларыңызға ұсынамын. Колониалды ғасырларда Кочин Португалия, Голландия, Англия империяларының еншісінде болған. 2 Кераланың кей жағалары Араб теңізімен бір деңгейде және жылдың үштен бір мезгілі жаңбырлы болып, тау шатқалдарынан ағатын өзендер салдарынан материкте көптеген теңіз қолтықтары (Kerala backwaters) пайда болған, содан болар ежелден бұл ғажап табиғи экожүйені "Азия Венециясы" деп атап өткен. 3 Еуропалықтардан мұра болып қалған дін, тіл, ескі қамалдар, шіркеулер сақталғанымен, төл халық өзіне лайық аталық ғұмырын кешіп келеді. 4 Негізі Кочин индустриалды қала және халықтың басым бөлігі заманауи жағдайлар…

8
1
1074

«Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін...»

9 мамыр — Жеңіс күні

"Екпін" журналы барлықтарыңызды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, соғысқа қатысқан ата-әжелерімізді еске алып, құрмет көрсету мақсатында мерекелік видео ұсынады. Ел амандығын аңсаған соғыс ардагерлерінің ерлігін мәңгі есте сақтап жүрейік.

Өлең авторы: Мұқағали Мақатаев

Өлеңді оқыған:

Махамбет Бейбітшілік

Айша Ракишева

Айжан Кәрібаева

Гүлжайна Өмірбек

Сиразинова Нұржайна

Тупетова Гүлжауһар

Нариман Нұртөлеуов

Торғын Абушахман

Айнұр Ракишева

Видео: Ekpin.kz

Ұқсас материал: Менің атам — Әзілхан Нұршайықов

5
3
1079

Біздің жігіттер отан қорғауға дайын ба?

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні Бүгінгі мерекеге орай «Екпін» журналы бес жігітпен кездесіп, әскерге барудың маңыздылығы мен әскерге бармаудың артықшылығы турасында әңгіме қозғады. Қонысбек, студент: Мектеп кезімде әскерге барғым келетін. Бірақ үлкейген сайын ол ойымнан айнып келе жатырмын. Өйткені теледидардан әскер туралы неше түрлі жаңалықтарды көрсетеді. Көрерменге жыл өткен сайын әскер қауіпті болып бара жатқандығын жеткізгісі келетіндей. Сол бар, онымен қоса уақытты да көп алатын сияқты. Менің ойымша, Отан қорғаушы болу үшін әскерге бару міндетті емес. Әскерге барып келген адам ғана Отан қорғаушы дегенмен келіспеймін. Әрине, әскерге барып келген адамның физикалық дайындығы мықты болар. Бірақ Отанына қатысты барлық жігіттің сезімі бірдей болады. Ел басына жамандық туса, барлығы да От…

6
4
2855

«Айқап»: Қазақ шежіресі

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ Түрік нәсілінен «Алаш — есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген. Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден Өзбек, Сыбиян. «Өзбек аз ағам, сарт садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан Айырқалпақтан Қазақ, Созақ. Созақтан Қарақалпақ. Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсысылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта ж…

6
6
13015

Сағат Әшімбаев және азаматтық позиция

«Сынның тууы — адамзат көркемдік ой-санасының бір адым ілгерілегендігінің айғағы» Сағат Әшімбаев Бүгін, яғни мамырдың бірі, «әдебиет — ардың ісі», «әдебиетке де тазалық керек» деп азаматтық позициясын айқындап кеткен белгілі публицист, сыншы, тележурналист, жазушы әрі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың туған күні. Көпшілік жұртқа «Парыз бен қарыз» (1988-1989 ж.ж. шыққан) хабарының авторы ретінде белгілі Сағатхан ағамыз осы күнде тірі болғанда 66 жасқа келер еді. Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген ол 18 жасында Алматыға келіп, филология факультетінде оқып шығады. Кейін бірден «Лениншіл жас» қатарына қосылып, төрт жылдан кейін, жиырма жеті жасында «Сын мұраты» атты алғашқы кітабын жарыққа шығарады. 1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанып, Қазақстан Жазуш…

7
0
5624

«Айқап»: Топырағымыз алтын

ТОПЫРАҒЫМЫЗ АЛТЫН Біздің қазақта бір жаман мінез бар, мал болса болғаны сол малдың төліменен байимын дей, діңкесі құрып жүргендері, бұл кәсіптің де пайдалы екенін білмей ме? Болмаса, біле-көре-ақ кәсіп істегісі келмей ме? Болмаса, баяғы белгілі ата-бабасынан қалған сүйекке сіңген жалқаулық па? Сол өздерінің жақсы көретін малы қайдан шығады екен. Ойлап келгенде мал да сол кәсіптен шықса керек?! Қаншама көп жерге ие болып, ен даланы игере алмай меңгере алмай жүрген уақытта жалғыз малдың артынан кетемін деп қанша мың, миллион пайдадан құрып қалған, әрі айт та, бері айт баяғы надандық, жалқаулық. Аяғының астында жатқан алтынды алып, пайдалана білмегендері, міне осы күнде кім пайдаланып отыр. Бір қарасыз неше мың шықырым жерден шұбырып келіп, жерге ие болып, бір-екі жылдың ішінде соқалық өгізд…

6
1
2454