Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Біз кімдерміз?

КҮН СӘУЛЕСІ ТҮСПЕГЕН Бұл спектакльге бара бергім келетінін аңғардым. Іштей осы құштарлықтың себебін іздеп, арпалысқа түскен сәттерім де аз болмады. Әлі де болса, нақты жауабын таптым деп айта алмайтын сияқтымын. Алайда, аталмыш қойылымға деген қызығушылығым бәз баяғы қалпында. Бірнеше рет тамашаласам да, «тағы көруім керек» деген ойдың жетегінде жүремін. Сәуір айының 16-17 аралығында елордалық Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры тың туындымен толықты. Испан елінің драматургі Антонио Буэро Вальехоның пьесасын Еркін Жуасбек қазақшаға аударса, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрлан Жұманиязов дүйім жұрттың назарына ұсынды. Оқиға бір отбасының төңірегінде өрбігенімен, бүкіл адамзатқа арналған. Жалғыз жанұяның мәселесін қарастырып қана қоймай, баршамызды тере…

3
1
775

Әсет Нұрпейісовтің бизнес сырлары

Әсет Нұрпейісовты интернет жобаларын іске асыра бастаған алғашқы кәсіпкерлердің бірі деуге болады. Қазірде ол Smart Shop атты смартфондар мен планшеттер сататын онлайн және оффлайн дүкендерін сәтті жүргізуде. Сондай-ақ алғашқы блогерлер қатарын бастаған Әсет қазірдің өзінде интернет аудиториясына жақсы танымал. Әсет өз ісін қалай бастағаны туралы, онлайн дүкендер және де басқа бизнес сұрақтарға жауап беріп, сіздермен өз тәжірибесімен бөлісті. Әдеттегідей Әсеттің позитивті көңіл-күйімен айтылған әңгімесі көп жастарға өз ісін бастауға мотиватор болады деген үміттенеміз. - Сәлем, Әсет! Өзің қай жерде, қаншасыншы жылы туылдың? Мамандығың қандай? - 1988 жылы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында туылдым. Анам атымды өзінің әпкесі Әсияның құрметіне Әсет деп қойған екен. Жұлдызым – арыстан. 4 жа…

13
6
2540

Сүйікті мекен: Куала Лумпур

Әлемдегі ең сүйікті мекеніңіз қандай? Бұл сұраққа әр адам әр түрлі жауап берер: біреулер салтанатты Парижге асықса, біреулер Лондонның жаңбырын армандайды, үшіншісі Бомбейді қызық көрсе, төртіншісі туған ауылын сағынып отырады. «Екпін» жобасы жазғы демалысты пайдаланып, оқырмандарының әлемдегі сүйікті мекендері жайында сұрастырып көрді. Садық Шерімбек: Куала Лумпур Өзім шетелге шыға бастағалы бері Еуропа немесе АҚШ-қа баруды ойланып көрмеппін. Көбінесе Азия елдеріне тартып тұрады. Азия елдерінің ішіндегі ең ұнаған және ең сүйікті болған қала – Куала Лумпур. Малайзия Корольдігінің астанасы! Қоғам. Шымкенттен алғашқы рет барған кезімде үйрену, әрине, қиын болды. Ол жаққа барған соң, өзіміз қатарлы білім алып жүрген қазақ жастарының қасына орналастым. Жалпы, көпшілік азамат шет елге шыққан к…

3
2
1486

Сабалаһ Абылай мен Күрескер Мағжан

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, абылайтанушы, тарихшы, журналист Зарқын Тайшыбай жақында Алматыда іс-сапармен жүріп, «Екпін» журналына арнайы сұхбатын берген болатын. Материалдың 1 бөлімі Материалдың 2 бөлімі Абылай хан және мектеп оқулықтары Абылайдың жайы қазір энциклопедияларда да, интернеттегі википедияда да, оқулықтарда да түгел бұрмаланып жүр. Себебі ол біздің қазаққа тән жалқаулығымыз ба, самарқаулығымыз ба, өзімізге өзіміз сенбейтіндігіміз ба... Мысалы, мен бір ғана деректі айтатын болсам: барлық жерде Абылай хан 1711-1781 ж.ж. деп жүр. Сонда 11 жылы туылған да, 81 жылы дүниеден өткен. Ал біздің пайымдауымыз бойынша, Абылайхантану ғылымының қазіргі жетістік мұнарасынан қарағанымызда Абылай 1713 жылы туылып, 1780 жылы қайтыс болған. Т…

4
1
1510

Инстаграмдағы кәсіби фотографтар

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Ал бүгін кәсіби фотографтардың инстаграмында қандай фотолар болатынын тексеріп шығайық. Карла Нұр @karlanur Мамандығы бойынша жарнама дизайнері Карла Нұрдың Vox Populi сайтындағы таңданарлық әлеуметтік фоторепортаждары интернет оқырмандарын бейжай қалдырған емес. Күнделікті инстаграмында да фотограф әрдайым өткір мәселелерге назар аудартып отыруға тырысады. Сондай-ақ инстаграмның соңғы жаңаруы - видео түсіруді Карла Нұрдың жақсылап игеріп алғаны көрінеді. Балетке қатысты әдемі серияларын аккаунтына кіріп, тамашалай аласызд…

8
7
2353

Бүгінгі қазақ серісі: Мұрагер Сауранбаев

Попсалық телеарналардағыдай қазақтың «бойдақ сері жігіттерінің» рейтингісі жасалатын болса, бұл жігітті алдыңғы қатарлардан көруші едік. Өйткені өзі өнерпаз, іскер, сымбатты әрі салмақты. Бір сөзбен айтқанда, заманауи қазақ серісі. Өнерімен талай шетел сахналарын дүр сілкіндірген. Мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ҚМЭБИ-де халықаралық медиа менеджменті мамандығы бойынша, Мемлекеттік басқару академиясында саясаттану факультеті бойынша оқып шыққан. Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып үлгеріп, қазірде Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істейді. Сонымен, бүгінгі «Екпіннің» кейіпкері – домбырашы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мұрагер Сауранбаев. - Мұрагер, сәлем! Өзің жайлы біраз айтып өтсең? - 1987 жылы 11 шілдеде Жамбыл Облысы Тәтті деген ау…

6
9
7450

Зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапқан Гауһар Зайденова

11-ші сынып бітірген атыраулық Гауһар Зайденова Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық тоғызыншы ғылыми жобалар жарысында зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапты. Жас ғалымның еңбегіне ресейлік мамандар назар аударып, жұмысын алып қалып, ары қарай зерттеу жүргізбекші екен. Байқау жайлы және де болашақтағы жоспарларымен Гауһардың өзі бөлісіп отыр. - Сәлем, өзің жайлы айтып өтсең? - Сәлем! Мен Атырау қаласында 1996 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келдім. Отбасымда әкем, анам, ал менен кейін екі сіңілім және інім бар. Кішкентайымнан зерек бала болып өстім, 1,5 жастан бастап жүріп, сөйлей бастадым. Оқуға деген қызығушылық бала кезімнен бар. - Техникалық гимназияға түсу өзіңнің қалауың ба, әлде ата-анаң кеңес берді ме? - Ата-анамның кеңесімен осы мектепке 1-сыныптан ба…

7
9
3245

Әлемнің таңғажайып 12 кітапханасы

Мұрағатында 5000000 кітабы бар кітапхана бар екенін білесіз бе? Әуесқойлықпен кітап сөресіне бір-бірлеп кітап жинаудан бастаған Джей Уокердің үйі бүгінде әлемдік деңгейдегі ең таңғажайып кітапханалардың бірі. Мұндай кітапханалар әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Төменде ең керемет кітапханалар тізімін ұсынып отырмыз. 1. Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған. 2. Дублиннің Тринити-колледжінің кітапханасы — Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған. 3. Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кіт…

7
1
38840

Салтанат Қартжанова: «Менің бір ғана мақсатым бар — барлық мақсаттарыма қол жеткізу»

Салтанат Қартжанова жас болса да, қазірдің өзінде біраз қызықты жобалар мен туындылар шығарып үлгерді. Ерекше талғамы мен таланты бар жас дизайнер жайлы болашақта әлі де көп еститінімзге сенімдіміз. Ал қазірше Салтанатпен жақынырақ танысып, дипломдық жұмысының үлгілерін тамашалайық. — Салтанат, өзің жайлы бір екі ауыз сөз айтып, не себепті дизайнер болғың келгені жайлы айтып берсең? — Мен 1994 жылы Ақтөбе қаласында туылдым. Сонда тоғызыншы сыныпқа дейін оқығанмын. Кішкентайымда өте пысық болатынмын. Әрдайым бір нәрсемен шұғылданып жүремін. Қуыршақтарға көйлек жасап, кесте тігіп, жаңа нәрсе шығарып жүруді ұнататынмын. Сол себепті мамандық таңдауға келгенде, бірден таңдауым киім жасаушы дизайнеріне түсті. — Тоғызыншы сыныптан кейін сонда қайда оқуға түстің? — Мектепте оқып жүргенімде он бір…

9
2
3040

Сүйікті мекен: Нью-Йорк

Әлемдегі ең сүйікті мекеніңіз қандай? Бұл сұраққа әр адам әр түрлі жауап берер: біреулер салтанатты Парижге асықса, біреулер Лондонның жаңбырын армандайды, үшіншісі Бомбейді қызық көрсе, төртіншісі туған ауылын сағынып отырады. «Екпін» жобасы жазғы демалысты пайдаланып, оқырмандарының әлемдегі сүйікті мекендері жайында сұрастырып көрді. Ержан Алаш: Нью-Йорк Әр адам өзінің білімі, діни, кәсіби және өмірлік көзқарастарына қарай белгілі бір мекенге баруды армандайды. Біреулер Сұлтан Ахметтің құдіретін сезінуге Стамбулға баруды армандайды. Біреулер ежелгі Рим империясының шұғыласын көруге Римге баруды, біреулер Пайғамбардың мекені Мединеге баруды, біреулер өмірдің мәнін ашамын деп Үндістанға немесе өмірдің сырын ақтарам деп Тибетке баруды армандайды. Ал мен болсам, мамандығыма орай әрқашан Нь…

4
4
3529