Нәзік жанды джаз
Көптеген алматылықтар үшін күз маусымы джаз әуенімен байланысты. Сірә, күзгі көңіл-күй дәл осы музыканы талап етеді. Онымен қоса, осыдан екі жыл бұрын дәл күзгі күні танымал DJ Ospanoff еліміздің барша джаз сүйер қауымына атақты джаз-бендтер фестивалін тірідей тамашалауға мүмкіндік берген болатын. Алайда, 4-қараша күні өткен джаз-концертке Рустамның еш қатысы жоқ болып шықты, оны Оспанов мырза өз твиттерінде де жазған еді. Джазистан басшысының айтуынша, келесі фестиваль 9 желтоқсан күні болмақ. Рустам Оспанов DJ Ospanoff - әлемдегі ең керемет музыканы әдемі топтастыра алатын адам. Оның ''Гравитация'' мен ''Невесомость'' радио бағдарламаларын Energy 102.2 FM толқындарынан тамашалуға болады. Сеттерінде көбінде Funk, Soul, Boogie, Disco, Jazz, Hip-Hop, Broken Beat, House, UK Funky, Dub Step…



