Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Мектептен университетке көшіп келгендер

Жоғары курстағылар оларды “балмұздақ”, “сары балапан” деп атап, кішкентай көреді, бірақ студенттік шақтың осы бір кезеңі ұмытылмас, есте қаларлық тәтті сәттердің бірі екені бәрімізге мәлім. Былтырғы жылдың қыркүйек айында кеше ғана оқушы, бүгінде студент билетін қолына ұстаған жастармен сұхбат жасаған болатынбыз. Бұл материал әке-шешесінен алыс кетіп, үлкен қалаға келіп, жаңа өмірге алғаш қадам жасаған жандар туралы. Олар оқушы кезінде аңсап жүрген университеттік өмірге тез үйренді ме, мектептегі мұғалімдерін сағына ма, әлде балалық шақтарымен тезірек қоштасқысы келе ме? Жалпы, бүгінгі студенттер жоғарғы білімнің маңыздылығын қаншалықты бағалайды? Әділет. Философия және саясаттану факультенінің студенті: “Жамбыл облысындағы Каменка ауылынан келдім. Мамандығым – әлеуметтік жұмыс. Грантта о…

6
0
3674

Аптаның қызықты материалдары #1

Достар, осы аптадан бастап сенбі сайын сіздерді қазақ тілді электронды БАҚ-дың мәдени материалдарымен таныстыруға тырысамыз. Бұл дайджесте 7 күннің ішінде Қазнетте жарияланған қызықты жазбалар тізімін ұсынамыз. ________________________________________________________________________ Қазақ әдебиеті дағдарыста ма? – Үлкен жазушыларымыздың бірі газет бетінде: «Әдебиеттің алтын ғасыры» енді тумайды», – деді. Тағы бір жазушымыз: «Қазақ әдебиеті қазір тоқырау үстінде», – дейді. Әр жерде осындай әжік-күжік әңгіме айтыла берген соң сұрап отырғаным ғой. – Әдебиеттің алтын ғасыры өтіп кетті, енді жақсы шығармалар тумайды дегенге өз басым қарсымын. Бізде шын мәніндегі үлкен әдебиет болған жоқ. Үлкен әдебиет ұлттық ұлы мұраттар, үлкен шайқас, айтыстар болған кезде ғана туады. Әдебиеттің алтын ғасыры…

2
5
2043

Қысқы кітаптар

Боранды күні немесе аязды демалыста жылы үйде отырып, кітап оқығанға не жетсін, оған қоса, қыс мезгіліне арналған әдеби туындылар да аз емес. Алдыңызда қазақ және шетел әдебиетінің қысқы шығармалары: ''Қар қызы'' - Оралхан Бөкей Жер-жаһан аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... Өз жұмыстарын атқару барысында жолдан адасып кеткен үш тракторшы жігіттің кенеттен астындағы көліктерінің майы таусылып, қарға оранған айдалада өздері ғана қалады. Жұмыр жер аппақ қар: суық әлем, сол әлемнің бір пұшпағында өлім мен өмірдің қақпақылына айналып, шыбын жаны шырқыраған жиырмадан жаңа асқан үш бойдақ; қолында қаруы, алдарында атысар жауы жоқ, өз-өзінен жынданған, өз-өзімен майдандасқан мақтаулы бейбіт күннің үш солдаты, үш қояншық, үш есалаң – үш батыр... ''Алекс және қарлы көлеңкелер'' -…

Альмодовардың алабөтен туындысы

Адам баласы махаббатқа құштар. Ол оның тыныстау, тамақ ішу, ұйықтау тәрізді қарапайым қажеттілігі. Ол бірнеше жылдар бойы терең ұйқыдағы адам ба, немесе жай ғана көшеде кетіп бара жатқан кәрі шал ма, маңызды емес. Біреуді сүйуге, біреудің сүйіктісі болуға бәріміз де құштармыз. Бұл тақырыпты қозғағанда ұлттар арасындағы шекара өшіріле бастайды. Өйткені махаббат тақырыбы бүкіл адамзатқа ортақ тақырып. Тек оған әр ұлт өзінің "менін", өзінің болмысын сан қырынан көрсетеді. Махаббатың өзгеше де, біздің ұғымымыздан бөлек қырын испан режиссері Педро Альмодовар «Онымен сөйлес" (исп. «Hable con ella») фильмінде көрсетеді (2002ж). ______________________________________________________________________ Бұл фильм түсірушілеріне 51 млн доллардай ақша тауып, "Ең үздік сценарий" номинациясы бойынша "Оска…

Студенттік рингтондар ондығы

Телефондағы әуен иесі жайында көптеген мәлімет бере алады. Жастар бір ән не әуенге деген махаббатын осы рингтондар арқылы білдіретіні де бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, рингтон арқылы поп-мәдениеттің бағытын әрі танымалдылық деңгейін оңай байқауға болады. Сол себептен де біздің тілішіміз «екпінді» жастар арасында кішігірім сауалнама өткізіп, 2011 жылы танымалдылыққа ие болған рингтондар арасында студенттік ондықты құрастырған еді. Nokia Tune Сауалнама нәтижесі бойынша “бас жүлдені” атақты Nokia Tune әуені иемденді. Википедиядағы мәліметтер бойынша, Nokia tune – испанияның классикалық композиторы әрі гитарашысы Франсиско Таррегойдың 1902 жылы соло-гитараға арнап шығарған композициясы Gran Vals-тан алынған музыкалық үзінді екен.Бұл рингтон әлем бойынша тәулігіне шамамен 1,8 миллиард рет жән…

"Спортқа ұлттық құндылық ретінде қарау"

Жобамыздың бүгінгі материалы келешегін спортпен байланыстырған жастар жайында болмақ. Сұхбат барысында спортшылар оқырмандарымызбен жеңістері мен жеңілістері жайында бөліседі. _________________________________________________________________________ Ерлан Жақсыбеков, 18 жаста, дзюдо Дзюдо күресімен 7-сыныптан бері айналысамын. Спортпен айналысып жүрсең ел аралап, жер көретінің белгілі. Жарыстармен Қазақстанның барлық аймақтарына, алыс-жақын шетелдерге барып келдім. Бүгінде спорт шеберлігіне үміткермін. Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионатта жүлдегер атандым. Дзюдоның адамның сабырлы болуына, тұлға болып қалыптасуына пайдасы зор. Спортшы ғұмырымды аяқтағаннан кейін қазақ жастарын дзюдоға баулысам деген ойым бар. Нұржан Жұмахан, 23 жаста, самбо Кішкентай кезімде әкем самбо…

3
6
2024

Қайта өрлеу дәуірі. Донателло.

Донато ди Николло ди Бетто Барди Бұл атақты мүсінші Донателлоның толық аты. Отаны – Флоренция. 1386 жылы дүниеге келген. Ауқатты отбасынан шықса да, әкесінен ертерек айырылып, жетімдік пен жоқшылықтың азабын басынан өткереді. Ешқайда ұзап шыға алмай, өмірінің көбін өзінің туған қаласында өткізді. Еңбек жолы сол кездегі әйгілі мүсінші Лоренцо Гиберти шеберханасында басталды. Донателло қажымай-талмай ізденді, өткен заманнан келіп жеткен өнер ескерткіштерін үлкен ықыласпен зерттеді. Әсіресе антикалық мәдениет үлгілеріне ден қойып, өзінің творчетвосына нәр іздейді. Бұл кезде Флоренция қаласында атақты Санта Мария дель Фьеро ғибадатханасының құрылысы қызу жүріп жатқан еді. Оның тезірек бітуіне қала әкімдері орасан зор маңыз береді. Ғибаданхананы салуға белгілі сәулет өнерінің маманы, архитекто…

5
3
6688

Кітапханаларға шолу: Қазақстан жазушыларының кітапханасы

Достар, осы аптадан бастап біз Алматы қаласының кітапханалары бойынша фото-шолуымызды бастаймыз. Бірінші жазбамыз "Қазақстан жазушыларының кітапханасына" арналады. Мекен-жайы: Алтынсарин даңғылы, 37. Кітапхананың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма: 10.00 – 19.00 сенбі: 10.00 – 18.00 жексенбі: демалыс Әр айдың соңғы бейсенбісі - тазалық күні Кітапханаға жазылу үшін не қажет: 1. оқырмандар залына: - жеке басты куәландыратын құжат немесе студенттік билет - 3х4 көлеміндегі 1 сурет 2. Абонементке: - жеке басты куәландыратын құжат - тұратын орнын растайтын құжат - 3х4 көлеміндегі 1 сурет Кітапханада не бар: интернет, ксерокс, сканер. Ерекшелігі: интернет – 30 минут тегін. ксерокопия – 5 бетке дейін тегін. Абонемент залында кітаптарды үйге алып оқуға 15 күн беріледі. Кітапханада: оқу залы, абонемент б…

Қысқы сюита. Алма Мұқан.

Музыка - адам жанын жадыратар сиқырлы күш. Музыка атты нәзік те тылсым әлемге бойлап, өмірін соған арнап жататындар қаншама. «Кейбір дәрілер тамаққа тәбет ашатындай, музыка да өмірге деген құштарлықты оятады» - деп В.Ключевский айтқандай, біздің кейіпкеріміз музыкасыз өмірін елестете алмайды. 21 жасар Алма Мұқан Күләш Бәйсейітова атындағы Республикалық музыка мектебінің түлегі. Ол атақты Шопен мен Листтің аспабы - фортепианоның маманы. Қазірде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваторияның 3 курс студенті. Сонымен қатар, консерваторияда балаларға сабақ береді. Бос уақытында қоғамдық жұмыстарға араласып, өмірдің әр қырында белсенді болуды ұнатады. - Алма, музыка сенің өміріңде қаншалықты маңызды орын алады? - Музыкамен 5 жасымнан бастап айналысып келемін. Анам - қазақтың халық аспабы са…

Әділдікті қалайтын Ләззат

Әйел затын біз әрқашанда нәзіктікпен, сұлулықпен байланыстырамыз. Алайда, ер мен әйел тең құқылы заманда жауапкершіліктің, ауыртпалықтың көп мөлшері осы нәзік жандылардың иығына түсетінін тағы білеміз. Сол себепті қатал, әрі ауыр қызмет атқарып жүрсе де, нәзік болмысын жоғалтпай, әділдік іздейтін қырмызыдай қызбен танысқан кезде қатты таң қалғанымыз жоқ. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз 22 жасар Ләззат Серікқызы. Ол 2010 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетін бітірген. Қазірде мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта қызмет істейді. Ләззат бізге заңгер мамандығының ерекшеліктері, күнделікті жұмыс күні қалай өтетіні және жастар арасындағы қылмыстың себептері жайлы баяндап берген болатын. - Заңгер мамандығын таңдауыңа не себеп? - Бала кездегі арманым. Әр жерде әрқа…