Алматылық «ART-алаң»
8 маусым күні Алматы қаласында Тұңғыш Президент саябағы, Family саябағы және 28 панфиловшылар атындағы саябақта бір уақытта «ART-алаң» атты жобаның тұсаукесері болып өтті. Бұл мерекелік шараны тамашалау үшін журналымыздың тілшілері 28 панфиловшылар атындағы саябаққа жол тартты. «ART-алаң» жобасының ашылуы фотограф Константин Киквидзенің «Прогулка по легкому воздуху» атты фото көрмесінен басталса, мерекелік концертті брасс-квинтет "Алматы" ашты. «ART-алаң» жобасы ұйымдастырушыларының бірі Жанна Бакауова:Бүгінгі «ART-алаң» жобасы Мәдениет жылы аясында ұсынылып отырған жобалардың бірі. Яғни қала тұрғындарын мәдени, рухани жағынан байыту мақсатында 3 ай бойы өткізіледі. Жобаны іске асырушылар: Almadeniet фонды, Алматы қаласының әкімшілігі және серіктестеріміз, «Қазақфильм» кино студиясы және…