Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

«Қазақ маңдайынан иіскеп, бала тапқыза берген» түсінігінің заманы өткен»

Эльвира Ерғалина Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының Төрткүл елді-мекенінде дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Алматыдағы ҚазҰУ-дың филология факультетін тәмамдады. Қазір «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясында жұмыс істейді. Отбасында 4 ұлдан кейінгі жалғыз қыз. Бүгінде Қазнетте танымал қыз-келіншектерге арналған «Айқаракөз» сайтының авторы. — Айқаракөз сайты қашан пайда болды, атын неге осылай қойдың? — Бұл жоба біраз уақыт бойы ойымда ғана жұмыс жасап жүрді. Сырқаттанып, төсекте біраз уақыт жатып қалдым да, бар ермегім — ғаламтор болды. Сонда орыс тілді болсын, Ресейдің болсын қыздарға арналған сайттарын көп ақтардым. Өзімнің де осындай сайтым болғанын армандап қойдым. Танысым өз сайтына сілтеме ұсынғанда, мен де сайт ашсам, қалай болады деген ой к…

Пойыздағы экономикалық тіршілік

«Құрметті жолаушылар, сіздердің назарларыңызға»... Жүйіткіген пойыздың шуы дауыстан басым түсіп, айтылар сөз естілмей қалды. Етегіңнен тартып, есіңді кетіретін қоғамда ақша табу оңай болып тұрған жоқ. Әсіресе, жоғарғы білім алмағандарға. Жаппай сатып ал, алып кел, сат... Айтуға жеңіл, қарекетте ауыр. Базардағы экономикадан пойыздағы сауда қызықтырақ секілді. Зерттеп көрелік: Пойызда саудамен айналысуға қалтаның шұрық тесіктігі итермелейді. Тыным көрмеген екі қол, екі аяқ дамыл таппай тыпырлайды. Нәпақаны осылай табудың өзі қиын. Үрлеп ішіп, шайқап төккен байлық емес. Жолаушы діттеген мекеніне жетсем десе, пойыз тасымал қызметін дұрыс атқарсам дейтін секілді. Ал, сатушы тауарымды алса екен деп тілеумен болады. Егігннің ебін, сауданың тегін үйренсе несі айып? Маркетологтардың айтуы бойынша,…

8
3
1206

Номадтың жетеуі

Өнер саласындағы маңызды оқиғаларды, тарих пен археологияның жаңа және ескі айғақтарын жаңғыртуға ұмтылатын, өмірдің көркін келтіретін қызықты адамдар туралы баяндайтын Nomad-Kazakhstan журналы Қазақстанның мәдени алаңына шыққанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы датаға орай Ә. Қастеев атындағы мұражайда алматылық жеті суретшінің шығармаларынан құрылған ерекше көрме ұйымдастырылған еді. Көрменің кураторы Баян Барманқұлованың айтуы бойынша жеті деген санға толғандарының себебі: «Бұл біздің жасымыз, әр түрлі жеті стилистикалар, өнер концепциялары мен материалдары. Бірнеше ондаған аттардан тамаша жетілікті ерекшелеу қиын болды. Бірақ осы жетеуге тоқталдық». 12-26 шілде аралығында өтетін «Номадтың жетеуі» деп аталатын көрмеде әлемнің керемет кескінін ғажайып гоболендер мен текеметтері арқылы кө…

7
5
1963

Шетелде білім алу: Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Малика Раева бейнеклиптегі танымал әншінің көйлегі қай дизайнердікі, нешінші жылғы коллекциясынан екендігін айнытпай тани алады. Күніне мыңдаған адам кіретін блогын жаңалап отырып, фэшн өмірдің теория мен практикасын қиналмастан ұштастырып келеді. — Малика, қазір қай жерде, қандай мамандық бойынша оқып жатырсың? — Мен Лондондағы Қасиетті Мартин атындағы Орталық өнер және дизайн колледжінде* (CSM) фэшн коммуникация факультетінде оқимын. — Бұл университетті және бұл мамандықты таңдауыңа не себеп болды? — Бұл университетке түсу менің бұрыннан бері келе жатқан арманым болатын. Ең сүйікті дизайнерлерім дәл осы университеттің түлектері (колледждің атақты түлектері қатарына Стелла Маккартни, Александр Маккуин, Джон Гальяно, Гарет Пью, Пол Смит, т.б. дизайнерлер жатады — А.К.). — Бұған дейін Қаза…

6
2
2306

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайыМекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85.Мұражайдың жұмыс кестесі: Дүйсенбі – Жұма : 10.00- 17.00Сенбі - Жексенбі: демалыс.Тел: 261-52-83, 291-58-83Билет құны: оқушыларға тегінстуденттерге тегінересектерге тегінҰлы Отан Соғысының ардагерлеріне және зейнеткерлерге тегінЭкскурсия: тегінЭкскурсия 3 тілде жүреді: қазақша, орысша, ағылшынша. Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Ұлы геолог Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың арқасында геологиялық мұражай ашылған болатын. Соғыстан кейін бұл мұражай жылдан-жылға жаңа пайдалы қазбаларға толығып келеді. 1997 жылы 26 тамыз күні мұражай жаңарып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Татарстан Республикасының Президенті Минтимир Шарипұлы Шаймиевтің келісімімен Қазақстан Мемлекеттік…

6
2
5647

Сенбілік әңгіме. «Хамелеон» — А.П. Чехов

А.П.Чеховтан ХАМЕЛЕОН Күн ыстық. Қала базары. Дүкен ашық, алушы жоқ. Саудагерлерді ұйқы басқан. Базарда қайыршылар да жоқ. Базармен полицейский надзиратель Очумелов келе жатыр. Барымталап алған бір шелек қарақатты көтеріп, қасында городовой келеді. Ұстаңдар! Жіберме! Сен жексұрын қабатын немесің ғой! – деген Очумелов дауысты естіді. Қыңсылаған ит дауысы шықты. Соның арасында үйген отыннан шығып, артына қарай-қарай ақсай басып қашып келе жатқан итті көрді. Итті қуып жетіп, бір кісі жығыла-мығыла аяғынан алып ұстады. Көз ашып жұмғанша ұйқыдан оянған саудагер, отыннан жиылған кісілер топтанып жиналып қалды. - Бұ немене, тақсыр! Жанжал болып қалды ма екен? – деді городовой. Очумелов сол жағына бұрыла басып топқа қарай тартты. Отын үйген қақпаның алдында жиылған топқа қолын көтеріп тұрған адам…

8
0
6672

Қалыңмал турасында не білеміз?

ХХ ғасырдың басында жазылған шығармалардың көбінде әйел теңсіздігі жайында баяндалады. Байқап отырсақ, «қалқам ер жетіп, оны бай жерге беріп, көп мал алсам» сияқты ойлар сол кездегі романдардың фабуласы іспеттес. Немесе ұл мен қызды бесіктен шықпай, бір-бірімен атастырып, бастарын шатастырып қою. Екеуінің бір-біріне пар болып өсе ме, жоқ, бірі қурай, бірі тал болып өсе ме..? Бір сөзбен айтқанда, қазақ қызының шарасыздығы, қоғамдағы орны, аянышты сезімдері - сол заманның жазушылары үшін қалам тербеуге итермелеген фактілер. - Апа, осы әкем жеңілейіп кетіпті-ау? - Тәңірі алғырдың сені сатып алған малын көтере алмай жүргені ғой, біздің не ойлап жүргенімізді қайдан білсін! - Апа, осы әкем мені жақсы көремін деуші еді, онысы бекер екен-ау? - Сені жақсы көргенімен де, бай мен малды сенен артығыр…

Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...

Барселонаға барып, Гауди өмірінің жартысын арнаған шіркеу Саграда Фамилианы көрмей кету, қателік болар. Ал одан бұрын оның архитектуралық стилін танып, үйрену үшін қала бойынша атақты 4-5 үйін аралап алған жөн. Мына бір ерекше үйге тоқталғым келіп отыр: Casa Mila. Төменгі суретте оның макеті. 1906-1910 ж.ж. бұл үйді Гауди Мила жанұясына арнап салған. Содан Мила Үйі атанып кетеді. Мынау үйдің шатырынан көрінетін көріністер: Мына суретте (жоғарыдағы) алыста тұрған "қияр" ғимаратты көруге болады. Ол түгелімен эко-ғимарат болып саналады. Ал үйдің іші Гауди туындыларының мұражайы мен ол жасаған ескі жиһаздардан тұрады. Гаудидің бұл үйі оның соңғы тапсырысы болған, бұдан кейін бүкіл уақытын әйгілі Саграда Фамилиаға арнайды. Бұл үйдің жобасы сол заманда Гаудидің көптеген жұмыстары тәрізді «новат…

Yoga by Sandi, немесе салауатты өмір салты

Бүгінгі кейіпкеріміз Санди деген ерекше есімді қыз. Оның тек аты ғана емес, өзі де, өмірі де ерекше. Заңгер мамандығын алып жүрумен қатар, ол «ТеДос» студиясында йогадан сабақ береді. «Yogabysandi» атты жеке блогын жүргізеді. Санди бізге йога атты тылсым дүние есігін ашып, денсаулық пен сұлулықтың, ішкі жан-дүние тыныштығының құпияларымен бөлісті. - Сәлем, Санди! Алдымен, қай жерде туылғаның, қандай мектепке барғаныңды айтсаң... - Сәлем! Мен Ақтөбеде туылғанмын. Жақындарымның айтуынша, кішкентай кезімде өте көңілді, жайдары бала болыппын. Балалық шағым да жайдары өтті. Ол кездері бүкіл көршілер тату-тәтті тұратын, қарапайым, мейірімді кеңестік аулаларда асыр салып ойнап өстім. №19 орта мектепте барлық сынып болып достасып оқыдық. Асыл сыныптастарымның бәрі де әлі есімде, қазір де бүкіл ре…

6
8
2599

Шетелде білім алу: University of Warwick

Бүгінгі кезекті айдарымыздың кейіпкері Олжас Тұяқбаев. Олжас Ұлыбританиядағы атақты University of Warwick-те Department of Computer Science-та білім алуда. Шетелдегі оқуы жайында нақтырақ сұхбаттан біле аласыздар. - Өзің туралы айтып өтсең... Университетке қай жылы, қалай түстің? - Барлық балалық шағым киелі Түркістан қаласында өтті. Сонда туылдым, сондағы Ататүрік мектеп-гимназиясында оқыдым. 2008 жылы мектепті бітіріп, өзімнің армандап жүрген алтын белгімді де ақтап шықтым. Алтын белгіні алуымның өзі үлкен оқиға болды. Өйткені ҰБТ-дан кейін оны алу үшін маған бір балл жетпей қалды. Сол уақытта бір балл деген өте үлкен рөл ойнатындығына көзім жетті. Оны қайта апелляциялық комиссияға беріп жүріп, әйтеуір Астанадан оны қосуға рұқсат берді. Сөйтіп мен Алтын белгі иегері атандым. Одан кейін…

8
6
3429