Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты
Бүгін барлығымызға бала кезімізден таныс балдай тәтті «Құмырсқа илеуі» деп аталатын торт жасаудың жаңа әдісімен бөліскім келіп отыр. Алдымен бұл тортты жасауға қажетті ингредиенттерді тізбектеп алсақ. Ұн 1 стақан қант 1 шәй қасық уксуспен сөндірілген сода 250 г маргарин 2-3 жұмыртқа 1 банка қоюлатылған сүт. Жұмыртқаны қантпен жақсылап араластырып, үстінен сода, маргарин және ұн саламыз. Оны илеп қатты қамыр жасаймыз. Одан кейін қаңылтыр табаны майлап, оған ет тартқыш арқылы өткен қамырды ұқыптап салып, алдын-ала ысытылған духовкаға саламыз. Қамыр қоңырқай түске еңіп қытырлақ нанға айналған кезде оны духовкадан аламыз. Дайын қытырлақ нанды қатты майдалаймай бірнеше бөлшекке бөліп суытып қоямыз. Суыған қытырлақ нандардың барлығын табаға салып, үстіне қоюлатылған сүтті құйып жақсылап араласт…