Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Балерина болу оңай ма?

22 жасар Орынгүл Нұржанқызы жобамыздың тұрақты оқырмандарына роликке түскен балерина ретінде бұрыннан таныс. Бүгінде Орынгүл Абай атындағы опера мен балет театрының балет әртісі, Жүргенов атындағы өнер академиясының хореография факультетінде хореография режиссурасы мамандығы бойынша білім алуда. Осы материалда жас талант балет өмірі турасында сыр шертпек. БАЛЕТКЕ АЛҒАШ КЕЛУІМ Мектептің 4 сынып оқушысы болғанымда би үйірмесінде билеп жаттықтым, сол кездегі мұғалімім Александра Михайловна ата-аналарамызды шақыртып, жиналыс ұйымдастырған. Жиналыста анама Алматыдағы хореографиялық училищеге менің түсуімді ұсынды. Училище ғимаратына бірінші кіргенімде менен үлкен қыздар балет формасын киіп, шашын түйіп, арқасын тік ұстап, кіреберісте жаттығуларды қайталап, саббаққа дайындалып жатқан. Сонда мен…

13
5
2685

Аптаның қызықты материалдары #17

Достар, «Аптаның қызықты материалдары» айдары жазғы демалыстан шығып, отандық БАҚтың мәдениет тақырыбында қозғаған мақалаларымен таныстыруға дайын. МҮСІРЕПОВ КЕНЕСАРЫНЫ НЕГЕ ҰНАТПАДЫ, ҰЛПАНДЫ ҚАЛАЙ АСҚАҚТАТТЫ? Соңғы кездері арыстар тобы, алыптар тобы деген тіркестер айтылмайтын болып кетті. Бара-бара олардың атын да ұмытып кететін түріміз бар. Осындай жағдайда алыптар тобының белді өкілі Ғабит Мүсіреповтің көлемі 1000 беттен асатын, іші-сырты қалың, әдемі тысталған көркем шығармалар жинағы «ҚазАқпарат» баспасынан жарық көрді. «Мәдениет» телеарнасының «Халық сөзінен» қолдау тапқан жобасында белгілі әдебиеттанушы, ғалым – Талапбек Әкім мен филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Сәлима Қалқабаева осы кітап жайында төмендегіше әңгіме өрбітті (жалғасы). Маржан ЕРШУ,…

6
1
1826

Алматы, туған күніңмен!

Достар, әсіресе біздің алматылық оқырмандарымыз, сіздерді Алматы күнімен құттықтаймыз! Ару қаламызды басты кейіпкер ретінде ала отырып, ф.ғ.д., профессор, «Жұлдыздар жылай ма?», «Біздің ауылдың жігіттері», «Тымық түн» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы, журналистика факультетінің оқытушысы Кәкен Қамзинді әңгімеге тартқан едік. - Кәкен ағай, Алматыда қаншасыншы жылдан бастап тұрып келесіз? Бұл қалада тамырыңыз қалай жайыла бастады? - Бала кезімізде Алматы жайында республикалық көрмеге барып қайтқан еңбек озаттарының, астанада оқып жүрген студенттердің, өзіміздің мұғалімдердің аңызға бергісіз әңгімелерін аузымызды ашып, көзімізді жұмып тыңдайтынбыз. Гүлзарлар, субұрқақтар, парктер, еңселі ғимараттар қасында түскен олардың суреттері қандай әсерлі десеңізші. Алматы шаһарының тыныс-т…

10
5
1961

Биолог зертханасы, немесе жас ғалым Жігер Акишевтің хикаясы

Жігер Акишев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетінің магистранты. Мамандығы - Молекулалық биология және генетика. Зертханасынан шықпайтын жас ғалым Жігерге жолығып, биолог мамандығының қыр-сырын білуге асықтық. - Жігер, биология маманы боламын деп қалай шештің?- Негізі мектеп кезінен биология пәнін ұнатып оқитынмын. Сол кезден бастап облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатыса бастадым. Жалпы биологияға қызығушылығымның басты себебі осы әлемнің қалай құрылғандығын білгім келді. Соның ішінде тіршіліктің қалай пайда болғанынан бастап, қалай жұмыс істейтіндігі мені өте қызықтырды. Содан тоғызыншы сынып оқып жүрген кезімде бізге өзге қаладан жаңа мұғалім келген болатын. Біз онымен осы мамандық жайында көп әңгімелестік. Сол кезден мен биология факу…

9
8
2535

Шетелде білім алу: Université de Basse Normandie

Рүстем Жапаров Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тіледері университетін бітірген. Кейін Франция елшілігінің грантын ұтып алып, 9 айға Université de Basse Normandie-де Langues vivantes étrangères факультетінде білім алған. - Сәлем, Рүстем! Францияда оқып келіпсің, сол жайында толығырақ айтып берсең. - Мен Алматы қаласындағы Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тіледері университетін бітіргеннен кейін сол университетке магистратураға түстім. Магистратурадан кейін Франция елшілігінің грантын ұтып алып, 2011 жылдың қыркүйек айында Франция Республикасының төменгі Нормандияда орналасқан Кан (Cean) қаласына оқуға кеттім. Онда барып Universite de Basse Normandie–нің «Еуропа тілдері» факультетіндегі Langues vivantes étrangères (LVE) кафердасына оқуға тү…

5
2
2832

«Оркестрлер шеруі» басталды

Кеше, яғни 6 қыркүйек күні, Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Оркестрлер шеруі» атты музыкалық фестиваль басталды. Үш күн қатарынан өтетін концерттік бағдарламаның бірінші күні Нұрғиса Тілендив атындағы «Отырар сазы», К.Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар, Мемлкеттік Академиялық Симфониялық және ҚР Ұлттық үрмелі оркестрлері көпшілік назарына өз өнерлерін паш етіп, қала тұрғындары мен қонақтарына әдемі кеш сыйлады. Ашық аспан астында өтетін музыкалық фестивальге биыл Альфия Кәрімова (Ресей), Сүндет Байғожин, Mezzo квартеті, Сон Паскаль (Ұлыбритания), Ирина Левина, Вахтанг Торрели (Ресей), Андрей Илькив (Украина), дирижерлер: Ваг Папян, Дінзухра Тілендиева, Александр Беляков сынды бірқатар өнер иелері қонақ ретінде шақырылған. Сонымен қатар, бұл жылы оркестрлер шеруіне әлемге тан…

10
8
1907

Балет пен киносүйер қауымға арналған бәйге

Құрметті оқырмандар, сенбі күні сайтымызда театрлардың жаңа маусымы туралы жарияланған материалдың арқасында 17 қыркүйек күні болатын Болат Аюхановтың балет қойылымына бір билетке ие болдық. Осы билетті сіздердің араларында ойнатып, кішігірім конкурс жасайық деп отырмыз.

Конкурстың шарты: суреттегі кадрлар қай кинодан екенін дұрыс анықтау.

1. 

2. 

3. 

4. 

Жауаптарыңызды пікір арқылы қалдырып отырыңыздар. Жеңімпаз - басқалардан бұрын дұрыс жауап берген адам. Deadline: 15.09.12, сағат 14:00-ге дейін. Сәттілік!

UPD Конкурс аяқталды. Дұрыс жауаптар:

1. Black swan

2. Ballet Shoes

3. Street Dance 3D

4. Фуэте

Дұрыс әрі ең жылдам жауап берген Ернар Бекенов жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!

Жаңа театр маусымы

Күз басталғалы Алматының мәдени өмірі жандана түсетіні бәрімізге мәлім. Кеше ғана дүбірлеп өткен «Оркестрлер шеруі» соның айғағы. Алдымызда жаңа театр маусымының ашылуы. Жаз бойы балет, опера, драма мен комедияларды сағынған көрермен үшін «Екпін» журналы афиша ұсынуда. Мәдени кештерден қапы қалмаңыздар. Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының 87-маусымы. Қашан: 3 қазан Театрды ашатын қойылым: «Абай» Жанры: трагедия Қоюшы-режиссер: Е.Обаев Қоюшы-суретші: Е.Тұяқов Билет құны: 300-600 теңге Мұнда Абайдың соқтықпалы-соқпалы өмірі, адами тыныс-тіршілігі, сонымен қатар, жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен болмысы көрінеді. Бұл қойылымда режиссер Абайдың творчествосындағы ән мен философиялық шығармашылығына көп көңіл бөлге…

11
4
2592

Алматыда Халықаралық Цирк Фестивалі алғаш рет қалай өтті?

15-16 қыркүйек аралығында Алматы әлемдік цирк өнерінің астанасына айналды. Бұл күндері Алматы циркі Германия, Италия, Франция, Қытай, АҚШ, Ресей және Украинаның цирк өнерінің жұлдыздары жиналып, Алматы халқын шат күлкіге бөледі. Алғашқы International Circus Festival–ді Мәдениет жылы аясында Алматы әкімдігі ұйымдастырып отыр. Егер әлемдік цирк фестивальдерінің тарихына көз тастайтын болсақ, бұл ең атақты, әрі беделді Фестиваль Монте-Карлода 37 рет болған. 20 рет цирк өнерінің жұлдыздарын Будапешт, 10 рет Мәскеу қабылдаған екен. Ал Алматы бұндай көлемдегі іс-шараны бірінші рет өткізіп жатыр. Бұл Фестивальден кейін Қазақстанда цирк өнерінің жаңа парақшасы ашылады десек, артық айтпағанымыз болар. Екі күн бойы көрермендерді Латвия және Вьетнам циркінің әртістері өз өнерімен таңқалдырса, Майами…

5
0
2025

Шетелде білім алу: Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті

Бірнеше ай бойы «Екпін» журналы сізді түрлі шетелдік университеттер мен сонда оқитын отандастарымызбен таныстыруда. Қожамжаров Абай Советжанұлы Жер үсті көлік жүйелері (Наземные транспортные системы) мамандығы бойынша Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдады. — Бірінші өзің жайлы айтып берсең. Қайда, қай университетте, қандай мамандық бойынша білім алдың? — Жамбыл облысындағы Шу қаласында туып өстім. Сондағы лингвистикалық мектеп-лицейде білім алдым. Мектепте нақты ғылымдарға жақын болғанмын. Кішкентайымнан пойыздарға қарап, соларды құрастыру және техникалық қызмет көрсетуді армандайтынмын. Қазақстанда М.Тынышпаев атындағы академияда көлік мамандығын (бакалавриат) 2009 жылы бітіріп, 2010 жылы магистратураға Ресейге оқуға түстім. Алматыда оқу кезінде интер…

7
3
3028