Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Нобель сыйлығы кімге бұйырады?

Әдебиет тарихында Нобель сыйлығы беріліп тұрса да, одан өз еркімен бас тартқандар да бар. Сондай ұлы жазушылардың бірі — Бернард Шоу. Не себептен Нобель сыйлығынан бас тартқандығын сұрағандарға ол «Кезінде менің Нобель сыйлығын алуға қызыққандығым рас. Бірақ дәл қазір менің талантым Нобель сыйлығынан жоғарылап кетті» деп, — жауап қайтарыпты. Дей тұрсақ та, шын мағынасындағы ұлы талант болғанымен, белгілі бір саяси себептерге қатысты Нобель сыйлығы берілмеген жазушылар көп. Өте көп... Амангелді Кеңшілікұлы, «Нобель сыйлығы кімге керек» атты эсседен үзінді Биылғы Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы лауреатын бүгін Стокгольм қаласында жариялайды. Букмекерлерге сенетін болсақ, әдеби сыйлықтың жеңімпазы Харуки Мураками атануы әбден мүмкін. Ladbroke ұтыс тігу мөлшерлемесін 2/1 бойынша қабылда…

5
9
2784

Әдеби талғам

Жазушылар үшін алдыңғы толқынның еңбектері — заманауи тарих десек те болады, ал сүйікті автор көп ретте замандасы немесе жақын досы ретінде қабылданады. Бүгінгі материалда XX ғасыр қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі Оралхан Бөкей, Нобель сыйлығының лауреаты, ақын, эссеист, көрнекті аудармашы Иосиф Бродский сияқты тұлғалардың сүйікті авторлары мен кітаптарының тізімін оқырмандар назарына ұсынбақпыз. Эрнест Хемингуэй Эрнест Хемингуэй (1899–1961) «өз қабілетіңді толықтай түсінудің жалғыз жолы — бұрынғы заман жазушыларымен жарысу» деп білген. Дүниежүзілік соғыстар кезінде Парижде ағылшын тіліне аударылған барлық орыс классиктерінің туындыларын оқып шыққан Хэмингуэй американдық жазушылардың ең мықтысы деп Марк Твенді санаған. «Сен өзің тауып алған жаңа әлемде өмір сүрдің... Ғажап әле…

5
0
1738

Алуа Мақанова, «Ұлытау» тобының мүшесімен сұхбат.

2001 жылы құрылған «Ұлытау» этно-рок тобы – отандық және әлемдік заманауи инструменталды музыка саласындағы жаңалық. Топ музыканттары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиевпен қатар, шетелдік Бах, Вивальди, Паганини сияқты ұлы композиторлардың шығармаларын ерекше құлшыныспен және ынтамен орындауы арқылы көзге түсті. _________________________________________________________________________ «Ұлытау» тобының ерекшелігі сол, олар орындаған шығармалардан дала желінің ұйытқуы сезіліп, күн көзіне күйген шөптің иісі аңқиды, тәкаппар, сәнді жылқылардың желісі байқалады, қатал жүзді ақсақалдар мен әдет-ғұрыптардың арбаушы сиқыры елестейді. Бұл өнерді «World Music» деп те атауға болады. Домбыра, гитара, скрипка үшеуінен шығар әсем әуенді бір арнаға тоғыстыра алған топтың скрипкашы қыз…

9
3
6070

Шерхан Мұртаза «Интернат наны»

Бүгін еліміздің көрнекті жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерей тойы. Осы датаға орай барлығымызға мектеп қабырғасынан белгілі әңгімені жариялауды жөн көрдік. ИНТЕРНАТ НАНЫ Әлтай нанға тоймаушы еді. Басы дәу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз қара бала болатын. Болбырақ, оқуға олақ, есіл-дерті ауқатқа ауып кеткен сияқты еді. Сабақтан қала береді. Ебі келсе асханаға кезекші болуға тырысады. Кезекшінің міндеті — екі шелекпен өзеннен еңірете су тасиды. Жүз баланы асырайтын тайқазан толғанша тасиды. Одан ыдыс-аяқ жууға қосымша тағы тасиды. Кезекшіліктің ең ауыры осы. Интернаттың іргесін жалап ағатын өзеннен асханаға құбыр тартуға ол кезде шама келмеді ме, әлде құнт болмады ма, біз қайдан білейік, әйтеуір, ауыр-ауыр екі шелек буыны бекіп, бұғ…

Алматыда екінші рет Әлемдік Қуыршақтар Карнавалы өтеді

Биылғы күз алматылықтарға Халықаралық Цирк Фестивалінен кейін тағы бір мейрам сыйлады. Әлемдік Қуыршақтар Карнавалы биыл екінші рет өткізіліп жатыр, шараға Румыния, Израиль, Франция, Түркия, Индонезия, Венесуэла, Ресей, Литва, АҚШ, Испания, Жапония сынды әлемнің 28 елінен қуыршақтар мен әртістер жиналып отыр. Балалар мен үлкендерге бірдей қуаныш әкелген Әлемдік Қуыршақтар Карнавалының ашылу салтанатына «Екпін» журналистері барып қайтқан еді. Бұл жылы үлкендер мен кішкентайлар бір апта бойы 28 елдің 33 қойылымы мен көше шерулерін Ғ.Мүсірепов, АRТиШОК театрларының алаңында, консерваторияның Үлкен залында, Алмалы ОСО-да, Орталық мәдениет және демалыс саябағының алаңынан тамашалай алады. Екінші Әлемдік Қуыршақтар Карнавалында бірнеше әлемдік фестивальдердің жеңімпаздары атанған: «Капричио дво…

6
2
1663

Әлия Мұсаева: Мақсатымыз — «Қазақстанда жасалған» белгімен прет-а-порте киімдерін жасау

Бүгінгі таңда өз-өзіңе жұмыс істеп, табыс табу — әр адамның арманы. Алайда бел буып, қиындықтарға төтеп беру әркімнің қолынан келе бермейді. «Екпіннің» бүгінгі кейіпкері «Apolti» шеберханасының иесі Әлия Мұсаева оқырмандарымызға өз ісін қалай, неден бастағаны туралы баяндап бермек. — Әлия, сәлеметсіз бе! Тігіншілікпен қашаннан бастап айналыса бастадыңыз? — Осыдан бір жыл бұрын әпкелеріммен бірге тігін шеберханасын ашуға әрекет жасадық. Бір аптаның ішінде шеберхана орны да табылды. Сөйтіп ақ қабырғалы пәтерде 1 үстел, 2 орындық, 2 тігін машинасы және 1 үтікпен Apolti дүниеге келді. Әрине, жоспарымда модельер жұмысын жасап, коллекция шығарамын деген ой болатын. Бірақ диплом алғаннан кейін, ғылым артынан қуып, университетте ары қарай оқуымды жалғастырдым. Қанша дегенмен, киім тігетінімді біл…

Бауржан Бектемірдің 7 кітабы

«Екпін» журналында жаңа айдар. Бұл айдарда кітапсүйер қауым өзінің ең сүйікті, ең маңызды деген кітаптары жайында әңгімелейді. Жаңа айдардың бірінші қонағы — әдебиет әлемін кішкентай кезінен шарлап жүрген экономист, математик, әрі блогшы Бауржан Бектемір. Бауржан 2009 жылы Гарвард университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірген, қосымша мамандығы — «Италоведение». Бірнеше жылдай «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да экономист болып қызмет жасаған. Кейін Экономикалық зерттеулер институтында директор қызметінде болды. Биылғы жылдың тамыз айында Бауржан Чикаго университетінің магистратура бағдарламасы бойынша оқуын бастады. Қай кезде болмасын, ұстаздарым білікті еді. Алғаш ұстаздарым туған тәтелерім: біреуі — математик, екіншісі — орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері. 4 жасымнан бастап біреуі с…

12
3
1975

Мен көрген Түркия

Шілде айында әкеммен бірге Түркия еліне барудың сәті түсті. Әрине, қазір екінің бірі барып жатқан Түркияның келбеті ешкімге де таңсық емес. Сонда да болса түрік елінің екі астанасы жайлы өзім көрген дүниелермен бөліссем деймін. Сонымен... менің көзіммен қарағандағы Түркия... ол маған ерекше әсер қалдырды. Әлемдегі әдемі қалалардың бірі Стамбулға (дегенмен Стамбул ауарайының ерекше қапырық болып келетіні ұнамағанын айта кетейін) түсе салған беттегі сапарымыз Босфор бұғазында кемемен саяхат жасаудан басталды. Өздеріңіз білетіндей, ұзындығы 30 шақырымға созылып жатқан Босфор бұғазы Қара теңіз бен Мәрмәр теңізін біріктіреді. Ал оның үстіндегі атақты көпір Азия мен Еуропаны жалғастырып тұр. Оны тек көзбен көру керек, керемет әдемі екен, әсіресе жағалаудағы ескі архитектуралық стильде салынған…

Декорациялар әлеміне саяхат

Нағыз киноман үшін сүйікті картинасы түсірілген орынды тамашалау - үлкен бақыт. Бұндай адамдар фильм түсірілген жерді өз көзімен көріп қана қоймай, кейіпкер образына да кіріп кетеді. Біле берсеңіз, бұрынғы кино алаңдарын кез келген еуропалық астанадан тауып алуға болады. Әр адам Гарри Поттердің немесе Періштелер мен Шайтандардың аяқ басқан көшеге саяхаттап қайта алады. «Код да Винчи», Париж бен Шотландия. Дэн Браунның «Код да Винчиге» табынушыларына Парижде кино түсірілген жерлерге арнайы экскурсия ұйымдастырылған. Ол кино түсірілімдерінің басым бөлігі өткен Луврден басталады. Топ келісім қағазды еш қиындықсыз ала алады (өйткені мұражай әр түсірілім күніне 30 мың еуро алып отырған), алайда рұқсаттама Луврдың келушілеріне жабық күндер де бар: сейсенбі және тек түнгі уақытта күшіне енеді. Ф…

10
7
1955

Қуыршақтар көрмесі

Әрбір қыз бала кішкентай кезінде қуыршақ ойнап, оларға киім тігуге әуес болған шығар. Өзім қуыршақтарға киім тіккенді ерекше ұнататынмын. Қуыршақ көбімізге балалық шағымызды еске салғанымен, бұл әдемі ойыншықтардан коллекция жасап жүрген ересек адамдар да бар екен. Оған дәлел — Алматы қаласында басталған «Куклы’KZ» қуыршақтар көрмесі. Бұл көрменің ашылуын көп күткен мен «Оқушылар сарайына» жол тарттым. «Куклы’KZ» — бұл жеке авторлардың қуыршақтар көрмесі. Мұнда Қазақстан мен ТМД елдерінің шеберлері жасаған неше түрлі қуыршақтарды кездестіре аласыз. Тіпті өзіміздің қазақстандық алғашқы биші, әнші қуыршақтарымыз "Bal-bala"-да бұл көрменің төрінде тұр. Қала күні мейрамы аясында ұйымдастырылып жатқан көрменің басты мақсаты - елімізде осы бағыттағы өнерді көпшілікке таныстырып, халықтың оған д…

8
0
11717