Алматы көшелері: Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы көшесі
«Алматы көшелеріне саяхат» айдарының кезекті саны белгілі қоғам қайраткері, ғалым-механик, техника ғылымдарының докторы Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлының атына берілген көшеге арналмақ. Ө.Жолдасбеков көшесі Медеу ауданындағы Самал-1 және Самал-2 ықшамаудандарының арасында орналасқан. 1990-шы жылдары салынған бұл көше Достық даңғылынан бастап Фурманов көшесіне дейін жалғасып жатыр. Оның ұзындығы 700 метр. Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы 1931 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қызылсу ауылында дүниеге келген. Бала кезінен техникаға жақын Өмірбек мектепті тәмәмдағаннан кейін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1954 жылы бітіріп шығады. Содан кейін Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтына оқытушы болып келеді. Оқытушыдан аға оқыт…